Жанарсыз адам келеді
Жанарсыз адам келеді
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді.
Толғанып жүрген бейбаққа,тобылғы таяқ тіл бітсе:
– Алдыңда ор бар, аяулым,бері жүр, бері! -дер еді
Көрінбей оған көктем түр,көрінбей нұр тұр себелеп,
Toп қыздар өтіп барады -топтанып ұшқан көбелек.
Жанарсыз адам келеді,аттай да алмай жақсылап,
Тозығы жеткен асфальтты,тобылғыменен шегелеп.
Іздейді көзін басынан,іздейді көзін аяқтан,
Іздейді көзін қолынан,іздейді көзін таяқтан.
Жанарсыз адам келеді…жанарлы бейқам тірліктен,
Жанарын даулап,дүниені таяқпен түртіп оятқан.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718