Ағажан

Ағажан

Әбілмәжін Жумабаевқа
Жүр едім айыға алмай көптен бері,
Қандай күш айықтырып кеткен мені?!
Жаураған жауқазын ем бөктердегі,
Жып-жылы қайдан соқты көктем лебі?!
Ұмыт боп ұнатқаным, жек көргенім,
Қауіппен күн мен түнді өткергемін…
Бұзаудын, тіліндей-ақ ала қағаз,
Ағадан ұшып жеткен кептер ме едің?!
Оңалмай жүргенімде ісім көптен,
Шағымда сағым сынып, күшім кеткен,
Ағаның қарлығашы інісіне
Ақ қанат періште боп ұшып жеткен.
Ағажан, жылы сөзің – дәрі маған.
(Дәрігердің шипасы дарымаған!)
Ағажан, жан екенсің жаның адал!
Ит екем ақ-қараны танымаған…
Жақсы менен жаманның арасында,
Жаным менің жәй таппай таласуда…
Ағажан, «Бәрінен де айық!» депсің,
Айығамын, ағажан, нанасың ба?..
Мұқағали Мақатаев

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *