Армысыңдар, адамдар!
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!
Әлем — дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз — Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық…
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент — Тыныштық!