Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: «Ою»

 

6-тарау. «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сабақ тақырыбы: «Ою»

Мектеп:   «Теміртау қаласының №16 ЖББМ» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Бектемирова Толкын Жолдыбаевна

Сынып: 1 Қатысқандар:

 

Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: ою туралы түсінік алады, үлгі бойынша ою жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тірек суреттер бойынша оюдың қалай жасалатынын айтып бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: ою туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады

Бағалау критерийлері

 

–          Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

–          Мәтін мазмүны бойынша сұрақтарға жауап береді.

–          Оюды жасау ретін айтады

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, жағдаяттық мәселені талдайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ою, жасаймын, бүктеймін, керек, кілем.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: ою сызамын, қайшымен қиямын,  желіммен жапсырамын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ою не үшін керек?

Адам өзі ою ойлап таба ала ма?

Құндылықтарға баулу Қазақ қолөнеріне баулу
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану, талдау
Пәнаралық байланыс Дүниетану, көркем еңбек
Алдыңғы оқу «Менің елім» тақырыбына байланысты өз қаласы туралы  біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

Сәлемдесу.

Жағымды психологиялық ахуал орнату:

«Мадақтар бұрқасыны» тренингі.

Оқушылар шеңберге тұрып,  сағат тілімен көршісінің ең жақсы қасиетін айтады.

 

Алдыңғы білім бойынша кері байланыс. «Динамикалық шеңбер» әдісі.

Бүкіл сыныппен жүргізілетін ауызша тапсырма.

Мазмұн бойынша саралау.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлінеді. Шеңбер айналымы аяқталғанша ішкі шеңбер сыртқы шеңберге үй тапсырмасын айтады.

Үй тапсырмасы – /жатқа Алматының алмасы» өлеңді айту/ Сыртқы шеңбердегілер үй тапсырмасы бойынша жасаған қорытындыларымен бөліседі.

ҚБ. «Түйінді сәттер» сыртқы шеңберде тұрғандар ішкі шеңбердегі оқушылардың жауаптарындағы түйінді сәттерін айтады.

 

Топқа бөлу  \әр түсті оюлар арқылы

«Сары ою» тобы

«Қызық ою» тобы

«Күлгін ою» тобы

«Жасыл ою» тобы

 

Тыңдалым алды тапсырмасы.

«Миға шабуыл» әдісі. «Сұрақтар ілмегі» әдісі. Бүкіл сыныппен жүргізілетін жұмыс.

\Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды қаласының суреттері бойынша\

Сұрақтар:

Суреттерде қандай қалалар бейнеленген?

Басқа қандай қалаларды білесіңдер?

Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Бүгін мектепке немен келдіңдер?

Мектепке кіммен келдіңдер?

Ою не үшін керек?

Адам өзі ою ойлап таба ала ма?

ҚБ. «Күту уақыты» мұғалімнің бағалауы.

Сөздікпен  жұмыс:  оқып беру, қайталап айтқызу, аудармасымен таныстыру, сөздік дәптерге жазғызу, сөз тіркестер құрау \қағаз керек, қағазды бүктеймін, ою жасаймын, қайшы керек\

бүктеймін сложу
жасаймын делаю, сделаю
ою орнамент
керек нужно
кілем ковер
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлуге арналған суреттер

 

 

\Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды қаласының суреттері

 

 

https://www.opiq.kz/kit/58/chapter/2165

 

Сабақтың ортасы Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтін:

Мынау ою. Мен ою жасаймын. Маған қағаз, қайшы, қарындаш керек. Мен қағазды бүктеймін. Мен қарындашпен ою сызамын. Мен қайшымен қиямын.

«Уақыт тізбегі»  әдісі. Топтық жұмыс. Оқыту ортасы бойынша саралау.

Мәтінді мұқият тыңдайды. Әр топ мазмұны бойынша ойын жинақтап, берілген  сөйлемдерді мәтіннің мазмұны бойынша ретімен  орналастырады.

Дескриптор:

1.      Мәтінді мұқият тыңдайды;

2.      Мазмұны бойынша ақпаратты ретімен орналастырады;

3.      Өз ойын білдіреді.

ҚБ. «Пікір алмасу» әдісі.

Үш  топ кезекпен басқа топтың жұмысына пікірін айтады

 

 

 

opiq.kz  сайты:

https://www.opiq.kz/kit/58/chapter/2165

 

 

 

 

 

сөйлемдер бар конверттер,  әр топқа желім, флипчарт

 

 

 

 

  Оқылым тапсырмасы

Ою жасау: берілген қағазға оюды салып, қию, ашып, бояу арқылы ою жасайды

Қағаз, қайшы, қарындаш ал.

Қағазды бүкте.

Қарындашпен ою сыз.

Қайшымен қи.

Оюды аш.

Оюды қызыл түске боя.

 

«Иә, жоқ» әдісі. Жеке жұмыс. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау.

Мәтін бойынша берілген ақпараттардың шынайылығы мен нақтылығын анықтау үшін берілген карточкалардағы ақпаратқа «иә», «жоқ» деген белгі қояды.

Ақпарат иә жоқ
Қағаз, қарындаш, қайшы алдың ба?    
Қағазды бүктедің бе?    
Қарындашпен ою сыздың ба?    
Қайшымен қидың ба?    
Оюды аштың ба?    
Оюды боядың ба?    

ҚБ. «Өзін өзі бағалау»

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Жеке жұмыс.

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау.

 

Дәптерлеріне тақырыпқа байланысты берілген сөйлемдердің түсіп қалған сөзін тыңдалым мәтінін тыңдап, толықтырып дәптерге жазады.

1.      Мен    ою  жасаймын.

2.      Мен доп жасаймын.

3.      Мен текше жасаймын.

Дескриптор:

–          Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

–          Сөйлемді дұрыс толықтырып жазады.

ҚБ. «Сыныптастарды бағалау» өзара жұптық бағалау

Қазақ тілі

1 сынып

«Алматы кітап»

Оқулық авторлары

А.Ж. Хазимова, Б.У. Салыхова, М.Ж. Бейсебекова

4 тапсырма  оқулық 89 бет

 

 

Әр оқушыға тапсырма бар карточка

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталмаған сөйлемдер берілген презентация

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 Рефлексия.

«Бүгінгі күннің сөзі» әдісі

Стикерге бүгінгі сабақта есінде қалған сөзді жазады, флипчартқа іледі.

Үйге тапсырма: Жазу дәптеріндегі 1-тапсырма, 12- бет

Стикер беріледі

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *