Буллинг
БУЛЛИНГ
Ең алдымен буллинг ұғымына тоқтала кетсек.Буллинг (bullying-ағылшын тілінен аударылғанда -қорқыту) яғни,адамды қорлау,мазақ ету,ар-намысын таптау және кемсіту.
Қазіргі кезде бұл проблема өте ауқымды.Буллинг тек қана оқушылар арасында ғана деген ұғыммен толық келіспеймін.Неге?Себебі,буллинг барлық жерде бар.Буллинг адамның жасына қарамайды.
Буллингтің бірнеше түрлері бар.Олар:дінге қатысты буллинг(біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау),расисттік буллинг(біреудің нәсіліне,түсіне жағымсыз сөздер айту),кибербуллинг(адамды әлеуметтік желіде құдалау).
Бұл адамды өзіне қол жұмсауға дейін апарады.Қазақстанда бұл проблема жоқ деп айта алмаймын.Керсінше,бұл проблема өте ауқымды.Әсіресе,жастар арасында.Бұрынғы сөзбен айтқанда ‘’дедовщина’’.Ұрып,соғып ақша жинау,адамның статусына қарай қорлау,киген киіміне тиісу және т.б
Бұл проблеманың шешімі ,әлі табылған жоқ.
Автор:Әбілқасым Альбина
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718