Құтты қонақ келсе қой егіз табады

Абилкайров Галымжан Ильичбаевич

 

Құтты сөзін біздің тілімізден алған ау осы. Немісте, ағылшын да гуд деген сөзді жақсы деген мағынада айтады. Қонақ сөзі- қонақ жай, қоныс, қон деген сөздер қазақтікі. Қон-ақ сөзі қон деген сөзі жатып кету. Ақ сөзі, ақ келін, ақниет, ақжаулық, ақ жүрек. ақ сөзінің біз үшін маңызы ерекше екенін көрсетет. Қонақ- үйге келген адамға қонуы, оған ақ көңілмен күту. Қой неғып жүр, қой біздің төрт түліктің ішіндегі шаруашылығымыздың негіздерінің бірі. Қой егіз тапса, өнімділігі басым екенін көрсетіп тұр. Жақсы келсе құт, жаман келсе жұт. Жұтты неге жаманға теліп тұр, жақсыға құт сөзі қосылып айтылады. Құтты қадам, құттықтау, құтты жыл деп құтты сөзін тілектестігін білдіріп тұрғаны. Қойдың берекелі мал болғаны сол, қазақ атам айтады, бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақжаулық. үшінші байлық 10 саулық. Қойдың етін және майын, сүтін пайдаланымыз. Қойдың жүні нағыз жылы киім, қойдың құйрығының негізгі пайдалы жағы сол, құйрықтың ерекше майының адам ағзасына маңызы бар екенін індет кезінде білінді. Міне бұл қойдың еті, қазақ халқының гендік номенклатурасына әбден сіңген, ағзасына сіңімді, пайдалы ас екені байқалды. Қойдың басы, сирақ құйқасы адамның буындарына өте пайдалы өнім екені анықталып отыр. Қан тамырлар құбыр қызметін атқарады. ол құбыр арқылы оттегі, көмірсу, майлар, нәруыздар тасымалданады. Майдың ыдырау кезінде түзілетін қуат, көмірсу және нәруызға қарағанда екі есе артық. Сол қан тамырлардың ішіндегі заттардың еркін қозғалуына майдың құрамындағы холестерин белгілі мөлшерде қажет. Енді холестериннің артуы негізгі қан тамырлар ішіндегі қысымды арттырады. Қазақтың өмір сүретін баспанасы киіз үй деп аталады. Сол киіз қойдың жүнінен жасалады. Киізді күйдіріп жарақатқа басқан. Киізді басқан кезде қанды тоқтатын болған. Мінеки қазақ халқының қой шаруашылығы арқылы, баспана мәселесін, медицина, тамақ, киім кешек мәселелері шешімін тапқан. Асық ойнаған азар, қой бағып көтен жегер озар деген де содан қалған.
<img class="x16dsc37" role="presentation" src="data:;base64, ” width=”18″ height=”18″ />
Юсуп Давлатов, Мұхтар Нұржанұлы Тәңірбергенов және басқа 17 қолданушы
1 пікір
Бөлісті: 1
Ұнайды

Комментарий
Бөлісу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *