БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҮЗДІК ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҮЗДІК ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР
ТАӘ: Мыңжасарова Несібелі Ғабдоллақызы
ТАӘ: Бисембаева Жанат Кумаровна
Педагогика ғылымының, магистрі, аға оқытушы.
Аннотация
Бұл мақалада үздік мұғалімдерді даярлаудағы әлемдік тәжірбиелер қарастырылды. Әлемдік тәжірбиедегі үздік модельдер сарапталып, қазақстандық білім жүйесімен салыстыра талдау жасалған. Өзге елдердегі тиімді жобалар мен флатформалады өз елімізде мұғалімдерді даярлау үшін пайланудың артықшылықтары көрсетілген.
В этой статье рассматривается мировой опыт подготовки лучших учителей. Были проанализированы лучшие модели мирового опыта и проведено сравнение с казахстанской системой образования. Показаны преимущества использования эффективных проектов в других странах и взаимопомощи при подготовке учителей в нашей стране.
This article discusses world experience in training the best teachers. The best models of the world experience were analyzed and compared with the Kazakh education system. The advantages of using effective projects in other countries and flatformal training for teachers in our country are shown.
Үздік мұғалімдерді даярлау – үздік ұлттың болашағын дайындау. Сондықтан да ұрпақ тәрбиелейтін маманның мықты болуы шарт. Оның беделі мен қадір қасиеті де осы біліктілігіне қарай болмақ. Білім саласында соңғы жылдары, әсіресе, осы нәрсеге көп көңіл бөлініп жүр. Мұғалімнің абыройы жоғары болса, алдынан өткен шәкірттің де тәрбиесі жақсы болатыны сөзсіз. Кезінде Алаштықтар да: «Алты Алаштың баласы түгел жиналса, төр мұғалімдікі», деген еді. Жоғарыда айтқанымыздай ұстаздың беделі кәсибі біліктілігіне тікелей байланысты. Осы тұста мұғалімдерді даярлаудың үздік моделін қалыптастыру қажет.
Мемлекет басшысы мұғалімдердің беделі мен кәсібилігі жөнінде жиі айтады. Оның себебі ел болашағы жастар екенінде. Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін білім саласында ауқымды өзгерістер орын алуы, мұғалімдердің біліктілік деңгейі артуы қажет. Қоғамға пайдалы азаматтарды дайындап шығу үшін мұғалімнің басты міндеті. Кәсіби маманның көбеюі үшін мұғалімдерді даярлайтын озық үлгілерді қарастыру қажет. Осы уақытқа дейін білім саласында көптеген әдіс-тәсілдер пайдаланылды және ол әдіс-тәсілдер жыл сайын өзгеріп те жатыр. Алайда нақты тәжірбие мен үлгі айқандалған жоқ.
Заманның даму үрдісіне ілесе отырып, соған сай шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру кәсибилікті талап етеді. Мұғалімдер оқушыларды оқытуда жан-жақты әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жаңашылдықты үйренуі керек. Қазақстан Республикасының білім заңнамасында да ұлттық және адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасқан қоғамды жасау үшін, білім алуға, сапалы білім беруге баса мән беріліп, ақпараттандыру, тенологиялық жетістіктерді қолдану, халықаралық коммуникацияны күйшету қолға алыну керегі жазылған. Өркениетті елге айналу үшін ұрпақ білімді болуы керек. Ал оларды тәрбилеп, оқытып қоғамға қосатын мұғалімдер. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық, технологиялық, психологиялық ең бастысы педагогикалық біліктіретін арттыру маңызды.
Еліміздің білім саласында мұғалімдердің кәсібилігін шыңдау үшін бірқатар өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар қойылған болатын. Бұның барлығы әлемдік тәжірбиедегі үлгі. Мәселен, оқушыларды бағалау жүйесінің өзгеруі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын, сабақ беру тәсілін өзгертті. Яғни баламен психологиялық тұрғыда жүмыс істей алудың маңыздылығын көреміз. Қазір мұғалімдер балаға білімді жеткілікті деңгейде қабылдата алуы үшін міндетті түрде технологияларды пайдалану керек. Яғни мұғалімнің инновациялық технологиялалардан хабардар болуы маңызды. Әрі технологиялар арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруы шарт.
Мықты мұғалімдерді дайындау үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі үздік әлемдік тәжірбиелерді ззерттеу маңызды. Өз білім жүйемізде сол тәжірбиелерді жүзеге асырып, нәтижеге қол жеткізуге болады. Дамыған елдердің болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі үздік модельдері тексерілген, сыннан өткен тәжірбиелер. Сондықтан олардың үлгілерін өз ұлттық құндылықтарымызға икемдей отырып, сабақтастық орнатуға болады.
Әлем бойынша Финлияндия, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Шввейцария, Канада, Автралия, Германия, АҚШ мемлекеттері білім саласы бойынша көш бастап тұр. Аталған елдерде мұғалімнің беделі де жоғары. Білімі мықты елдің ғылымы да алда екені айтпаса да түсінікті. Жаңа технологияның бәрі көбіне осы елдерде пайда болады. Оның барлығы әлбетте үлкен үлес болып экономиканы алға жылжытады. Экономика жақсарса, дамыған елдердің қатарынан табылу оңай. Сондықтан мемлекет дамуы үшін білім беру саласы мен білімді ұрпақ тәрбиелейтін мұғалімнің рөлі соншалықты маңызды.
Ал осы елдердің мұғалім даярлаудағы үздік моделін және мұғалімдерге қойылатын талаптарын қарастырсақ.
Мәселен, АҚШ-та мұғалімдерді даярлау бағдарламасын жасақтау үшін арнайы ғылыми зерттеу жүргізілген. Ол зерттеу 10 жылдың көлемінде 150-ден астам арнайы тәжірбиенің негізінде жасалған. Американдықтар білім беруде өткен тәжірбиенің өте маңызды екенін алға тартады. Яғни болашақ мұғалімдерді даярлауда АҚШ елі тәжірбиелік қорытындыларға сүйенеді. Сол тәжірбие негізінде мамандар мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы мен мұғалімнің үйрете алушылық, басқара алушылық қабілетін басты назарға алған. Көп мұғалімдер сыныптағы тәртібі нашар балалармен көбірек жұмыс істеп, жөнге салуға тырысатын болса, АҚШ тәжірбиесінде ең жақсы әдіс-тәсілді пайланып, білім алушыға үйрету арқылы білім сапасын да, тәртібін де жақсарту болатыны айтылады. Яғни онда ең бірінші мұғалімнің даналығы болу керек деп есептейді. Демек, мұғалім оқушыға үйрете алуы үшін көптеген әдіс-тәсілдерді соның ішінде жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек. Мұғалімнің өз білімі терең болуы маңызды.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді даярлауда АҚШ мемлекеті мұғалімдерді зерттеушілік дағдысын жақсартуға үйретеді. Өйткені мұғалім өзі сабақ беретін оқушыларға анализ жасай алуы керек. Сол арқылы сыныпты басқару мен сабақты жоспарлауды оңтайландыра алады. Содан кейін мұғалім оқушыларымен дұрыс қарым-қатынынас құруы керек. Яғни ол тәртібі нашар оқушыны көзге шұқып көрсетіп, дөрекі болмау. Керісінше олардың жақсы іс-әрекеттерін мақтау арқылы ынталандыру. Шет ел тәжірбиесінде дәл осы ынталандыру әдісі кеңінен қолданылады. Себебі оқушыны ынталандыру арқылы оның қабілеттерін ашып, көп нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұғалімнің даналығы осында. Оқытушының кәсібилігі бірінші білімінен болса, екінші оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алуында. АҚШ мұғалімдерді даярлауда осы екі қағидаға қатты мән береді және мұғалімдерге мынадай талаптарды атап көрсетеді:
- Ереже. Оқушылардың тәртібін әуелден ретке келтіру үшін ереже орнатыңыз.
- Жүйе. Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін сабақтың жүйесін жасаңыз.
- Мақтау. Оқушылардың жақсы іс-әркетін, үздік нәтижелерін мақтап отырыңыз.
- Белсенділік. Сабақты оқушылар белсенді қатысатындай қызықты әдіс-тәсілдермен ұйымдастырыңыз.
- Кері байланыс. Оқушылардың пікірін сұраңыз. Олардың маңыздылығын сезіндіріңіз.
АҚШ тәжірбиесінде осы талаптардың барлығы арнайы зерттеулер арқылы дәлелденген және өз нәтижелілігін көрсеткен. Әлі дамымаған білім беру жүйелері арнайы зерттеу нәтижелеріне сүйенбейді әрі сол нәтижелер негізінде мұғалімдерді даярлауға көңіл бөлмейді.
Бұндай тәжірбие Финлиянда мемлекетінің болашақ мұғалімдерді даярлау моделінде де бар. Мәселен олар мұғалімдерді оқушылармен жұмыс істеуге, сапалы білім беруге үйреткен кезде мына ережелерді айқандаған:
- Мұғалім оқушылармен бірге бірлесіп жқмыс істеу керек.
- Күнделікті жүмыс. Мұғалімдер әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы нақты білуі керек және күнделікті сабақ барысын қйымдастыра алуы керек.
- Білім қарқынын бақылау. Оқушыларға шамадан тыс жүктемелер артылмауы керек немесе тапсырмалар әдеттегіден аз болмауы керек. Оқушының білім алу процессі күнделікті қалыпты нормада дамуы қажет.
- Ынталандыру. Мұғалімдер оқушыларды материалдық емес түрғыда ынталандыру қажет. Яғни мақтау сөздер айтуы керек. Бұл білім алушының алған білімді қабылдап, оны қорытып әрі қарай алға жылжуына жақсы әсер етеді.
Финлиянда мемлекетінің болашық мұғалімдерді даяурлау үлгісінде оқушыларды ынталандыру материалдық емес түрде жүзеге асуы керек деген талапқа баса назар аударған жөн. Бұл оқушыларды белгілі бір материалдық игілік үшін ғана білім алу керек деген жансақ түсініктен арылтады. Білім алушыларға адамгершілік тұрғысынан тәрбие береді. Мұғалімдерді даярлауда осындай аспектілерге мән беру керек және мұғалімдерге үйретілуі керек.
Шетелдік тәжірбиеде дамыған технологиялардың пайдаланылатыны белгілі. Инновациялық білімнің бізден әлдеқайда жақсы дамығанын білеміз. Сондықтан да шетелдік тәжірбиелерде болашақ мұғалімдерді даярлау моделі оқушылармен қарым-қатынас пен психологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөледі. Себебі олар оқушының болмысын зерттей отыра, білім беруді ең тиімді тәсіл деп анықтаған. Мысалы, білім беру жүйесі өте мықты дамыған Канада мемлекеті мұғалімдерге мынайдай талаптарды ұсынған:
- Ата-анамен байланыс орнату. Оқушыны екіжақты қадағалау (қолдау) арқылы нәтижеге жеткізуге болады. Ата-ананың рөлі өте маңызды екенін естен шығармаған дұрыс. Сондықтан мұғалім тек оқушымен ғана емес оның ата-анасымен де байланыс орнатуы керек.
- Белсенділік. Оқушылардың сабаққа толық қатысуы, барлығының бірдей белсенді болуы маңызды. Сол үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай сабақ ұйымдастыра алуы керек. Әрі мұғалімнің оқушылардың қызығушылығын зерттеуі маңызды.
- Егер оқушылардың тақырып бойынша қызуғушылығы төмен болса, оларға дәл сол сәтте қызық болатын тапсырмалар ұйырдастыра білу.
- Мақтау. Мақтау оқушыны ынталандырады. Білім нәтижесін жақсартады. Бірақ мақтауды орынды қолдану қажет. Мұғалімнің мақтау сөздерді қалай орынды қолдану керегін үйренуі шарт. Әр ситуацияда мақтау сөздерді сәтті қолдану тиімді болмақ.
Осы тұста мұғалімнің біліктілігі үшін қажет мақтауға қатысты біршама маңызды ережелер айтылған.
Мұғалім оқушыны мақтаған кезде нақты бір қасиетін айту керек. Жалпылама айтуға болмайды. Әрі ол мақтау шынайы болу керек. Мақтаған кезде оқушының жас ерекшелігін ескерген абзал. Оқушы мұғалім ескерткен қателіктерді түзеп, нәтижеге жеткен сайын мақсату сөздер айту қажет. Бұл оны ынталандырып, әрі қарай білімін жетілдіре түсуіне ықпал етеді. Мақтау айтқанда мұғалім процессті немесе әрекетті емес, оқушының өзін немесе мінезі мен дағдысын мақтағаны дұрыс. Оқушының мақталған кездегі реакциясына мән беруге болмайды. Өйткені оқушының бойында мақтаншақтық сезімі қалыптасады. Мақтау оқушыны тек ынталандыруы керек.
Ал болашақ мұғалімдерді даярлау тәжірбиесінде Жапондықтар мұғалімдерге оқушылармен үйренуші ретінде емес, өзімен тең жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауды үйретеді және соны басты негізге алады. Себебі әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарау арқылы олардың тұлғалық қасиеттерін ашуға тырысады. Сол арқылы қабілеттерін шыңдап, білімін жетілдіруге ден қояды. Әрбір оқушымен жекелей жұмыс істеу арқылы білім сапасын арттыруға болатынын өз тәжірбиесінде дәлелдеп келеді. Жапондық тәжірбиеде мұғалімдерді даярлауда ескеретін тағы бір жайт мұғалімнің барлық оқушымен бірдей қарым-қатына жасауы. Себебі оқушыларды үлгеріміне қарай немесе, тәртібіне қарай бөле жарып қарауға болмайды. Бұл оқушылардың психологиялық тұрғыда қысымға ұшырауына әкеліп соғады. Әрі бұндай қарым-қатынас олардың үлгерімінің жақсаруына емес, керісінше олардың топтан шеттеп, ынтасының жоғалуына әсер етеді. Сондықтан әрбір оқушыны, білім алушыны кері байланыс жасау арқылы ортаға жақындатуға, белсенді болуға ынталандыру қажет. Тіпті сыныптың, аудиторияның ішіндегі физикалық істерге де қатыстыру арқылы оның қабілетін ашуға, белсенді болуға мұғалім көмектесуі қажет деген ұстанымды үйретеді. Яғни осы арқылы студенттің, оқушының ішінде «оқытушы мені жақсы оқығаным үшін немесе жақсы іс-әрекеттерім үшін ғана бағайлайды» немесе керісінше «мен нашар оқысам, бірнәрсені дұрыс істемесем маған оқытушының көзқарасы өзгереді немесе мені жазалайды» деген қорқыныш болмауы қажет. Егерде оқушы теріс қылықтар жасайтын болса, оны күшпен, ұрыспен, айқаймен немесе оқушыны көпшіліктің алдында төмендету арқылы шешуге болмайды. Бұл керісінше мұғалімнің тәжірбиесіздігін, кәсібилігінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан да мұғалімнің кәсібилігі оның дұрыс шешім қабылдай алуымен де бағаланады және Жапондық үлгіде болашақ мұғалімдерді соған үйретеді. Сабақ барысында мұғалімнің субьективті пікірі орын алмауы қажет. Мұғалім әрбір оқушыға тең қарап, қарым-қатынас жасап және оқушыларды обьективті түрде бағалауы қажет.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда мұғалімдерге жан-жақты коммуникацияны орната білу қабілетін де үйреткен дұрыс. Өйткені әлемдік тәжірбиелерде ең көп негізге алынған әдістердің бірі де осы. Оқушының, білім алушының ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс істеу мұғалімдерге жауапкершілікті сезіндіреді әрі мұғаліммен қатар ата-ананың да белгілі міндеттері барын көрсетеді. Иә, әрбір елдің үлгісін қарай отырып, Қазақстан білім жүйесі үшін қажет тәжірбиелерді жүзеге асыру керек. Жоғарыда қарастырылған үлгілерді пайдалану арқылы елімізде де мұғалімдерді даярлаудың сапалы моделін жасауға болады. Өз ұлтымыздың құндылықтарына негіздеу үшін, білім сапасын арттыру үшін әлемдік тәжірбиенің ең ұтымды, ең тиімді әрі нәтижелі үлгілерін қарастырған дұрыс. Одан кейін мұғалімнің оқушылардың көңіл-күйіне, әлеуметтік, мәдени эмоциянальдық жағдайына әсер ететін факторларды білуі және сол факторлар бойынша жұмыс істей алуы әлемдік тәжірбиеде көрсетілген маңызды ережелердің бірі.
Осы мақалада әлем бойынша білім жүйесі озық елдердің мұғалімдерді даярлау моделдерін зерттеп, сараптап көрдік. Аталған емлекеттер дәл осындай мұғалімдерді даярлау арқылы білім сапасын жоғарылатып, әлемдік стандарттарды қалыптастырып отыр. Байқасақ, білім жүйесі озық барлық елдің мұғалімдерді даярлауда қолданатын әдістері мен оларды оқытуда пайдаланатын тәжірбиелерінде ортақтық бар. Демек, осы елдердің мысалын ала аламыз. Өйткені бұл өз нәтижесін берген болашақ мұғалімдерді даярлау үлгілері.
Еліміздің дамуы, өркениетті елге айналуы білім сапасына тікелей байланысты. Сондықтан білім сапасын арттырудың маңызы өте жоғары. Ал білім сапасын жасайтын, білімді ұрпақ, білімді қоғам қалыптастыратын ол – Мұғалім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- National Council on Teacher Quality , Training our future teachers: 2014 ж. – 17б.
- J. Realizing the promise of effective teachers for every child – a. – 2021 ж.
- https://blogs.worldbank.org/education/realizing-promise-effective-teachers-every-child-global-platform-successful-teachers
- e Twinning for Future Teachers,
- https://school-education.ec.europa.eu/en/about/etwinning-future-teachers
- A KNOWLEDGE AND INNOVATION EXCHANGE, IMPROVING TEACHING AND LEARNING. – 2019ж – 36 б.
Л.Ю. Грачева,. Э.Р. Багряман., М.Н. Цыганкова., Т.Ц. Дугарова., Н.Н. Шевелева. МОДЕЛИ И ПРАКТИКИ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ УЧИТЕЛЕЙ В ЗАРУБЕЖНЫХ СИСТЕМАХ ОБРАЗОВ