Тәрбие отбасынан басталады.

Тәрбие  отбасынан  басталады.                                                   Заманбекова Гүлсайра Асеновна                                                      Қазақ Ұлттық Өнер Университеті мамандандырылған мектеп- интернат тәрбиешісі.

Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…”(Әл – Фараби) – дегендей балаға әуелі  білімнен  бұрын, тәрбие берілуі тиіс.

«Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның  да өмірдің де қызығы.  Ата – ана – тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал-мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді.

«Ата көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер,

Баланың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге»

Баласының  келешегін  ойлаған ата – ана өз мекенін  ауыстыруға дейін барып жатады.

«Ұлың  жақсы  болсын десең,  ұлы  жақсымен  көрші  бол, қызың  жақсы болсын  десең, қызы  жақсымен  көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек.

Бала тәрбиесі – қиын  да  күрделі процесс. Біз  баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының  алды  болғанын  қалаймыз.  Еліміздің көркейіп, өркениетті  елдің  қатарына  қосылып,  халықаралық деңгейге шығуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен көрінеді.

Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.

Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуш іқайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.

Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір – біріне, еңбастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата – аналар балаларына, ал балалары ата – аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен.

ҚР – ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық  жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың құқығы әріп арызы деп көрсетілген».                                   Отбасы мен балабақша – өнегелі  ұрпақ  тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ                                                                                                                           «Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата – ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.                                                                                                      Отбасы мен балабақша , тәрбиеші мен ата – ана, ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас жайлы мәселе – қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Тәрбиеші мен ата – ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан – жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін балабақша мен тәрбиешіге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата – ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.Балабақша – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Балабақша еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс – әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, балабақшаның үлкен тәрбиелік қызметі осында.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана. Сондықтан бала балабақша табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата – анасы.

Әдебиеттер.

  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.                Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.                                                                                                      3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995                                                                                                                                 4. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. – СПб., 1992.                                              5. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990.                                  6. Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *