Мұхтар Әуезов-аты өшпес тұлға
“Сіздің өлмейтін шығармаларыңыз сізді әлемдік көркем прозаның үздік өкілдерінің қатарына қосады. Мен сіздің замандасыңыз, жерлесіңіз болу құрметіне ие болғаныма қуаныштымын”, – деп Мұхтар Әуезовке осы сөзді көрнекті совет жазушысы Всеволод Иванов арнады.
Мұхтар Әуезов-қазақтың прозаик, ақыны, драматург, жазушы және ғалымы. М.Әуезовтің әңгімелері мен романдарының негізгі тақырыбы – қарапайым халықтың қасіреті, езгі ғана емес, халықтың рухани оянуы, азаттыққа ұмтылуы. Жазушы рулық алауыздықты айыптайды, оны халықтың бірлігі мен ынтымағына қарсы қояды.
Оның кітаптарында 19 ғасырдың ортасынан 20 ғасырдың ортасына дейінгі қазақ халық өмірінің панорамасы,көрінісі көрсетілген. Оның кейіпкерлері аты аңызға айналған батырлар, тарихи тұлғалар, 60-шы жылдардағы замандастары болды.
Әуезов шығармашылығының шыңы – «Абай жолы» қоғамдық-тарихи роман-эпопеясы. Жазушыны бала кезінен кемеңгер қайраткер – Абайдың шығармашылығы мен өмірі қызықтырды. Одан кейін М.Әуезов өз есімін” Абай жолы” романын жазып, ұлы адамның есімімен мәңгілік байланыстырды. Әуезовтің ауызша поэзияны, қазақ халқының шығармашылығын,классиктерді зерттеуі қазақ әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосты.М.Әуезов абайтанудың негізін салушы және қырғыздың «Манас» эпосына монография арнаған алты томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші кітабының редакторы болды. Ғалым КСРО халықтары әдебиеттерінің өзара байланысы мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бұл көзқарастар «Әр жылдар ойлары» кітабында айтылған.Мұхтар Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық пен Лениндік сыйлық сияқты марапаттарды алудағы жетістіктеріне тәнтімін. Сондай-ақ екі баласы бар адам ретінде ол жақсы отағасы мен әкенің үлгісі болып табылады. Қазақстан әдебиетінде Мұхтар Әуезов драматург ретінде құрметті орын алады. Әуезовтің ең алғашқы туындысы – екі жастың қайғылы тағдыры туралы халық аңызына негізделген «Еңлік-Кебек» пьесасы.Мұхтар Әуезов Луи Арагон, Фаиз Ахмад Фаиз, Назим Хикмет, Анна Зегерс, Альфред Курелла сынды тұлғалардың құрметіне, достық жанашырлығына ие болды. Ол барлық түркі тілдерінде, орыс және парсы тілдерінде сөйлеген, қазақтың әдеби және гуманитарлық-ғылыми тілін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді, бұл да қазақ тіліне өлшеусіз және маңызды үлес болып табылады және оның көптеген тілдерді білуі тағы бір мәрте оның зерделігін көрсетеді.
Мен үшін Мұхтар Әуезов – нағыз ұлы, өз ісін жетік білетін, менің жадымда ұзақ сақталатын жазушы, өйткені оның шығармалары Бейжің мен Ыстамбұлдан Париж мен Нью-Йоркке дейін ризашылықпен қабылдануы тегін емес. Ал Мұхтар Әуезов «Бүгінде Аристотель, Авиценна, Леонардо да Винчи сияқты әмбебап тұлға жоқ және бола алмайды» деп жазғанымен, оның өзі дәл сондай тұлға болып табылады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718