Кітапханашы мамандығының қыр-сыры.

«Жамбыл Жабаев» атындағы қалалықжасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Фариза Болатқызымен сұхбат.

Фариза ханым, осы мамандыққа калай келдіңіз және қанша уақыт алды?

Кітапханашы болу баяғыдан арманым, шын мәнінде, бұл кітапханаға кітапханашы болып келгендегі мақсатым ол ақшада, материалдық тұрғыда емес, кітаптардың ортасында жүріп жұмыс жасасам деген ниетім болды және бұған мен айтарлықтай бір көп уақыт дайындалмадым, бар-жоғы үш аптаның көлемінде тәжірбиеден өтіп, осы кітапханаға келіп, бүгінгі таңда кітапханашы болып жұмыс атқарудамын.

-Кітапханашы мамандығына келуіңізбен өміріңіз қандай бағытқа өзгерді және тұлғалық қандай қырлар ашылды?

-Әрине, барлық өмірдегі жағдайлар ол жақсы бағытта ғана әсер етеді адамға, не дегенмен прогресс болады. Кітапханашы мамандығына келгеннен кейінгі өмірімде өзгерген тұлғалық қасиеттер өте көп. Бұрында мен қандай кітап оқырман арасында сұранысқа ие екендігін білмесем, соңғы бір жылдықта қандай кітаптың жалпы жастарға қалай әсер ететіні, үлкендер қатары, жасөспірімдер қатары қандай кітаппен әуестенетіндігін, жалпы рухани дамуға қандай кітаптар әсер ететінін білдім.

Сіздің осы жұмысыңыз несімен қызықты деп ойлайсыз, мысалы, әдеттен тыс ыңғайсыз, күлкілі жағдайлар болды ма сізде?

-Менің жұмысым адамдармен коммуникация.Әртүрлі адамдар келеді: шетелдік азаматтар, білімі,IQ-ы өте жоғары азаматтар және олармен сөйлесу қызықты әрі пайдалы. Енді кітапханадағы ыңғайсыз, бірақ, қызықты жәйт, бізде кітаптардың қауіпсіздігі үшін оқырмандар арасында сырт киімді өткізу міндет болып табылады ғой, оны біледі келіп жүргендер. Бірде бір қыз оқырман келіп, есімін әлі білемін, Жанна деген 19 жасар қыз кетіп бара жатыр да залға қарай, сосын мен айқайлаймын ғой “Оқырман! Сырт киіміңізді шешіңіз!” дегеннің орнына, “Іш киіміңізді шешіңіз!” (күліп) деп.

– Қызметіңіздің барысында қанша кітап оқып үлгердіңіз?

– Мен кітапханада қазір жұмыс істегеніме тура бір жыл болады алдағы аптада. Жалпы кітапханаға дейінгіні қоспағанда мен күніне шамамен елуалпыс бет, сонда ол дегеніміз екі аптада үш кітап оқимын. Сабағыма байланысты бірде оқуға мүмкіндік болады, бірде болмайды. Бәлкім, жүзге сәл жетіңкіремейтін шығар.

2022 жылда кітапханаға не үшін бару керек деп ойлайсыз? Қазіргі заманда технологияның көмегімен үйде отырыпақ кітап оқи аламыз, мысалы, сіздің бұл туралы ойыңыз қандай?

Кітапхана ол қай заманда болмасын актуалды болып қалады, себебі, біздің үйіміз ол біз үшін комфорт, ал комфорт өмірден шығу маңызды. Шынымды айтсам, өз басым үйде отырып кітап оқи алмаймын. Тамақ ішіп кетуім, ұйықтап қалуым мүмкін, алайда, кітапқа деген қанша махаббатым болса да, оқуға құмарлығым артпайды. Ал кітапханада достарың бар, орта болады, біреудің прогрессін көрген адам, өзі де үнемі алға ұмтылатын болады.

Кітапханаға 2022 жылда келудің тағы бір себебі, мені соңғы үштөрт күн бойы мазалап жүрген мәселе тіл мәселесі. Қазақ тілінің мәселесі. Біз сөйлем ішіне паразит сөздерді тым көп қосамыз.Алайда, қазір елімізде болып жатқан жағдай бір дүрбелең нәрсенің басы ма деп ойлап қоямын. Өйткені, орыс тілді қазақ тілін үйренушілер саны кітапханада артып келеді. Осы себеппен бүгінгі күнде кітапханаға бару керек деп ойлаймын.

Айта кетсем, осы себеппен біздің кітапханамыздан жоғары жаққа қарай қазақ тілі грамматикасы туралы кітаптарды көбейту жайлы ұсыныстар түсіп жатыр.  

Өте керемет, осы тақырыпқа байланысты сұрағым бар еді. Кітапханада белгілі бір әдеби ұйымдар бар ма әлде жақын арада ашу ойларыңыз бар ма?

Иә, бұны біз Жаңа Жылға дейін ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Алайда біраз талқыланатын мәселелер бар, мысалы, кітапханаға күніне 400-500 адам келеді, алайда тек 4-5 оқырман қызығуы мүмкін. Әр адамның талғамы әртүрлі екенін де ескеру қажет. Бәлкім, осы бірекі айдың көлемінде ұйымдастырып қалармыз.

Сұхбаттасқан: Виктория Ли

«Тұран»университеті Журналистика 4 курс студенті

Жетекшісі: Рушанова Н.Б.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *