“Спорт-денсаулық кепілі!”
“Спорт-денсаулық кепілі!”
Денешынықтыру пәні мұғалімі Ерлік Серікұлымен сұхбат.
Қайырлы күн! Бүгінгі сұхбатымыз дене шынықтыру пәніннің мұғалім Ерлік Серікұлымен болмақ.
Гаджеттер өмірімізге дендеп енбей тұрғанда ауладағы ойынның қызығына батқан балаларды ата-аналары қараңғы түссе де үйге кіргізе алмай жүретін. Ал «телефонмен туған» бүгінгінің балдырғандарын әке-шешелері үйден далаға шығара алмайды.
– Енді сабақ оқу үшін техникаға телміретін баланың денсаулығын сақтауға септесетін, бірақ маңызды пәндердің қатарына кірмейтін денешынықтыру сабағының жайы не болмақ?
-Мектепте «менсінбейтін» денешынықтыру пәні студент атанған шақта ең маңызды, тіпті ең қиын пәнге айналғаны бар. Кейбір курстастарымыз бір ғана осы пәннен 3-ке қорытылғанның кесірінен шәкіртақыдан қағылды. Сонда студенттердің басым бөлігі мектепте денешынықтыру сабағына тиіп-қашып қатысқанын, аталған пәннің сынып журналында оқушыларды түгендеумен ғана оқытылғанын ашық айтатын.
Шәкіртақыдан айырылған бір курстасымыздың: «Денешынықтыру деген мектепте ұлдар доп тебетін, қыздар солардың әрі-бері жүгіргеніне шемішке шағып қарап отыратын сабақ еді. Жыл бойы оқулықтың бір бетін ашпастан мектеп кітапханасына кері қайтаратынбыз. Енді міне, баскетболдың ережесінен емтихан тапсыратын күйге түстік», деп қынжылғаны есімізде.
⁃ Бұл пәнге деген қасаң көзқарасты қалай өзгертуге болады?
Мен өзім кезінен денешынықтыру пәнінің мұғалімі болуды қалапты. Бірақ ата-анасы қыз балаға ерсі деп таңдауына қолдау көрсетпеген көрінеді. Соған қарамастан кейіпкеріміз араға 4-5 жыл салып өзі таңдаған мамандыққа грант ұтып алған екен. 5жылға жуық мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келе жатқан . Ерлік Серікұлы сабағы бір рет өтпей қалса, оқушыларының жылап көрісетінін айтады.
– Кез келген пәнге оң көзқарасты қалыптастыру – сол пәннен сабақ беретін мұғалімнің қолында. Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ал ұлы мұғалім шабыттандырады. Ең қиын пән денешынықтыру сабағы дер едім. Себебі бұл жерде баланың өмірі, денсаулығы бірінші орында тұр. Шебер педагог кез келген жағдайда білім бере алады. Қашықтан оқыту форматына көшкен кезде де сабағымыз уақтылы, жоспар бойынша жүріп отырды. Өткен IV тоқсанда денені қыздыруға арналған қимыл-қозғалыс жаттығуларын әріптестерімізбен бірлесе видеоға түсіріп, әзірлеген роликтерді оқушыларға жіберіп тұрдық. Мен міндеттемесем де қызығушылықпен жаттығуларды жасаған сәттерін видеоға түсіріп, маған жолдаған оқушыларым болды, – дейді бүгінде Талғар қаласындағы №2 Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте жұмыс істейтін Ерлік Серікұлы.
-Онлайн сабақ жөнінде айтып өтсеңіз?
–
Көктемгі «төтенше тоқсан» көп нәрсеге көзімізді жеткізді және мемлекет мәртебесін көтеруге құлықты педагог қауым мен жауапкершілік жүгі ауырлай түскен, әсіресе қит етсе мұғалімді кінәлай жөнелетін ата-аналарға үлкен сабақ болды. Алдағы жаңа оқу жылы тағы қашықтан оқыту форматында басталмақ. Онсыз да барлық оқу ошағында бірдей өз деңгейінде өтпейтін денешынықтыру пәні қашықтан қалай оқытылады?
Халықаралық мектеп спорты федерациясының президенті Петринка Лоран Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған конференцияда қашықтан оқыту кезінде де денешынықтыру сабағына оқушыларды белсенді қатыстыру керегін атап өтті.
Ерлік Серікұлы: – Бүгінде балалар мен жасөспірімдер қимыл-қозғалыстың аздығынан түрлі ауруға жиі шалдығады. Бұл сөзімізге жеткілікті дәлел келтіруге болады. Коронавирус инфекциясының әлемге жайылып, пандемияның өршіп кетуі бұған дейін де күн тәртібінде тұрған осы бір өзекті мәселені одан сайын ушықтырды. Біз Қазақстандағы Білім және ғылым министрлігінің карантиндік шектеулер кезінде түрлі онлайн спорт шараларын өткізіп отырғанынан хабардармыз. Осы үрдісті үздіксіз жалғастырған жөн. Пандемия бізге денсаулықтың қадірін, соның ішінде спорттың адам өміріне қаншалықты маңызды екенін ұғындырды.
Халықаралық сарапшының сөзіне қарағанда, вирусты жеңіп, әлемдік ахуал қалпына келіп, оқушылар оқу ошақтарына оралғанда мектептерде денешынықтыру пәнін оқытудың жаңа жүйесін әзірлеп, бұрынғы мән бермеген кем-кетіктер ескерілген заманауи әдістеме әзірленгені абзал. Бұл жұмыс балаларға денешынықтыру пәнінің маңыздылығын түсіндіруге, қызығушылығын арттыруға бағытталуы қажет.
-қазіргі оқушыоардың осы пәнге көзқарасы?
– Байқасаңыз, математика, физика, химия, биология секілді барлық елдерде міндетті түрде оқытылатын негізгі пәндердің кез келген форматтағы оқу процесін ұйымдастырудың үлгілері бар. Интернеттің заманында бейнесабақтардың түр-түрін табуға болады. Еліміздегі мектептер қашықтан оқытуға көшкенде бірден денешынықтыру пәнін жаңа форматта қалай ұйымдастыруға болатынын зерттеуді бастадым. Әлем елдерінің 79 пайызында нақ осы пән мектепте міндетті түрде бағдарламаға енгізілген екен. Пандемия кезінде осыншама елдің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері тосын жағдайға тап келді. Себебі мұндай практикалық пәннің қашықтан оқытуға арналған дайын видео дәрістері түгілі арнайы нұсқаулығы да болмады, – дейді Ерлік Серікұлы
.Бірақ бұл тексеру де, бағалау да емес, бар болғаны кері байланыс орнату. Айталық, анкета жүргізіп, оқушылардан онлайн сұхбат алуға, шағын конкурстық жобалар ұйымдастырып, мониторинг жасауға, білім алушылар арасында қызықты эстафеталар жолдауды ұсынып, оқушыға өзін-өзі бағалау күнделігін толтыруды үйретуге болады. Мұның бәрі баланы өз бетінше білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, ересектердің итермелеуінсіз ізденуіне бастайды. Қашықтан оқытудың мақсаты да осы, яғни ата-ана – баланың білім алуына қолайлы жағдай жасаушы, ал педагог –оқушыға бағыт беруші.
-Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан:Тұран университетінің 4-курс студенті Бекмұханбет Бірлік Серікұлы
Жетекшісі:Рушанова Н.Б