«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
“Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу болып табылады.
Достық үйінде өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мәнерлеп оқу байқауы барысында алғы сөзді «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы сөйледі. Мәнерлеп оқу байқауы қазақ тілінде жазылған ақындар өлеңдерін жатқа оқу барысында өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан озып шыққан адамдарды марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етілді.
1-орын – Аман Ақсезім.
2-орын – Тойлыбай Қарақат.
2-орын – Берсенова Аурика
3-орын – Лагутенко Алёна.
Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.