Ядролық баланс: Таралу мен тежелу

Қазіргі таңдағы ядролық қаруды тежеу мен ядролық қарудың таралуы түсінігі соңғы 70 – жылдан бергі тарихтың ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы аралықта ол халықаралық қауіпсіздіктің басты нысаны ретінде қаралып келеді. Осы бір екі түсініктің өзара қатынасын немен салыстыру көруге болады деген сұрақ көтерілгенде, оларды бір-бірімен жалғасқан қан тамырларымен салыстырғаннан артық мысал таба алмаймыз. Бір-бірімен жалғасқан тамырлар, міне, осы халықаралық саясаттағы ядролық фактор. Олар шынымен де бір-бірімен мықтап матасқан және де кезек-кезек алдынғы орынға шығып отырады, сондай-ақ бір-біріне ықпалы өте күшті. Алдымен осы екі түсінікке жеке-жеке тоқтала кетейік: ядролық тежеу дегеніміз не? Түсінікті тілмен айтқанда – бұл ядролық қару қолдану қаупімен қарсыластың қандайда бір басқыншылық әрекетінің алдын алу. Яғни, сіз қарсылас жақты сізге қарсы ядролық қару қолданатын болса сіз де солай жасайтыныңызды айтып қорқытасыз. Міне, ядролық тежеу дегеніміз осы. Ал ядролық қарудың таралуы дегеніміз көптеген мемлекеттердің қандай жолмен болса да ядролық қаруға қол жеткізуі. Ең бастысы, соңғы уақытта көріп отырғанымыздай, мемлекеттік емес құрылымдардың, яғни халықаралық террористік ұйымдардың ядролық қаруға қол жеткізуге деген жанталасы, оған қол жеткізіп өз мақсаттарына қолдануға ұмтылуы. Ядролық қарудың таралуы дегеніміз осы.

Осы екі құбылыс бір-бірімен тығыз және диалектикалық байланыста. Дегенмен де, ядролық тежелу – ядролық қаруға ие мемлекеттердің қолында және де ол аталған мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, сондай-ақ әлемдік аренада олардың мүдделерін қорғаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Сол себептен де көптеген мемлекеттерде қарудың осы бір түрін иеленуге ұтылыс пайда болады. Осыдан келіп ядролық тежеу ядролық таралуға ұласады. Және керсінше де болады. Мұның керсінше байланысы да бар. Ядролық қаруы бар мемлекеттердің клубының кеңеюі тежелуді әлдеқайда күрделендіреді және кейбір жағдайларда тұрақсыз болып келеді.

Мемлекет ядролық таралуы арқылы ядролық қарудың санын мейілінше көбірек аттыруы ядролық тежелуді қамтамасыз етеді – себебі, мемлекетте өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ядролық қаруды ұстағаннан өзге амалы қалмайды. Алғашында бір қарсыласына қарсы, сосын екі, үш, ақырында ондаған. Қолында ядролық қаруы бар мемлекеттер сонымен қалғысы келеді. Мысалы: Қырғи-қабақ соғыс аяқталған соң жұрттың бәрі Ресей мен АҚШ өзінің ядролық арсеналын қысқартуда елеулі қадамдарға барады деп күтті. Алайда олай болған жоқ. Айтарлықтай үлкен көлемде қалды. Тек тоқсаныншы жылдардың соңында ғана аталған ел басшылылары Мәскеуде АҚШ пен Ресей алдағы 10 жылдықта әртүрлі стратегиялық класқа жататын ядролық оқтұмсықтардың санын шамамен 2000 данаға дейін қысқарту уағдаластыққа қол жеткізді. Осыдан кейінгі шығарылған ең негізгі түйін келесідей: әлемде ядролық қарудың таралуы жүріп жатыр. 10 жылға арналған перспектива тек сол 10 жылдың ішінде ғана орындалуы керек. Ешкім де одан әрі қысқартуға баруға тәуекел еткісі келмейді. Әлемдегі ең үлкен ядролық арсеналға ие ұлы державалардың одан да тереңірек қысқартуға барғысы келмейтіні түсінікті. Бұл өз кезегінде ядролық қаруға ие өзге мемлекеттерге өз арсеналдарын аталған шекке дейін еш кедергісіз жеткізуге жол ашады. Міне, жоғарыда аталған екі маңызды құбылыстың диалектикалық өзара қатынасы дегеніміз осы.

Әрине, ядролық тежелу мен таралу тең дәрежедегі факторлар емес. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында, әсіресе өткен ғасырдың 60-жылдарының басымен 90-жылдардың басында ядролық тежелу әлем назарында болды. Ол кезде әлемде екі ұлы держава болды – Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы және олардың одақтастары болды. Олар дүниені қақ жарып өздерінің ықпал ету аймақтарына бөліп алды. Олар сондай-ақ аса үлкен көлемде ядролық потенциал жасау арқылы өзара қару-жарақ жарысына түсті. Бұл жарыстың ең қатты қызған кезінде – 1985 – жылы әлемде 70300 стратегиялық және тактикалық ядролық оқтұмсық болса, олардың 70 мыңы аталған екі державаға тиесілі болды. Кеңес Одағы 40 мың, Құрама Штаттар 30 мың шамасындағы ядролық оқтұмсыққа иелік етті. Оқтұмсықтардың басым көпшілігі 1945 – жылы тамыз айында Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған ядролық бомбалардан әлдеқайда қуатты болды. Сол себептен де ядролық таралу ол кезде екінші орынғады мәселеге айналды. Себебі, аталған екі алыптың ядролық жарыста бақталастығы бүкіл әлемдік саясатты анықтап отырды. Олардың қарқынына ядролық қаруға ие өзге мемлекеттер ілесе алмайтын еді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *