Абай Орталық Азиядағы мәдени қарым-қатынастарды дамытудың басты құралы ретінде

 

Әдебиет- халықтың өткені мен болашағын өзіндік стильі арқылы сипаттап, жалпы адамзаттың болмысына баға беретін сала. Әдебиетті ұлы өнер леп айтуға толықтай болады. Бүкіл әлем жұртының өмірлік мұрасына айнала білген ақын-жазушыларда бар. Олар ұлтына,  дініне қарамастан, барша адамзатқа ортақ. Соның бірі де бірегейі Абай Құнанбаевты айтып өтсек. Оның біршама еңбектері сан түрлі тілдерге аударылып, қаншама әлем жұртының жоғары бағасына ие болып келеді. Себебі, оның туындылары көркем мінезге баулитын, жаман әдеттерден арылуға жол сілтейтін шығармалар. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін Абай атамыздың кемінде екі-үш өлеңін жатқа біледі. Бұл да ақынның өлшеусіз еңбегі. Сондықтан, ақынның мұралары жалғыз бізге ғана емес,бүкіл адамзатқа ортақ. Соның ішінде, Орта Азия халықтарын жатқызуға болады. Осы арқылы елдер арасындағы мәдени байланыс арта түседі. 

     Көрші Өзбекстан мемлекетінде ақиық ақынымызға арналған кино түсірілген екен. «Абай сөзі» атты деректі фильм аз уақыттың ішінде көптің сұранысына айналып үлгерген. Өзбек тіліндегі туындыда ақынның балалық шағынан бастап барлық тұлға болып қалыптасу кезеңдерін көрсетіп шыққан. Осы ретте  2018 жылы 13 наурыз күні Абайдың шығармаларын насихаттауға арналған қаулыға қол қойғанын атап өтуге болады. Құжатта  тұлғаның  мұралары жалғыз қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқына, оның ішінде өзбек халқының рухани дамуына ықпал ететіндігі көрсетілген және де «Екі халықтың достығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес қосқанын ескере отырып және Өзбекстан қоғамының қазақ әдебиеті мен өнерін тереңірек тануы үшін мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мақсатында Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», – делінген.  Яғни, қаулыға сәйкес құжатта Абайдың «Таңдамалы» шығармалар жинағын және «Өзбек-қазақ мәдени байланыстары» әдеби-сараптамалық мақалалар жинағын дайындап, баспаға беру ұсынылған. Одан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар әзірлеу, оқу орындарындағы мектептерде, әскери бөлімдер мен ұжымдарда тақырыптық кештер өткізу жоспарланды. Сонымен қатар Қазірдің өзінде Өзбекстан мектептерінде оқушыларға ақынның өсиет сөздері үйретіліп жатыр. Ол үшін арнайы сағаттар да бөлінген. «Дегенмен бұл аздық етеді», – дейді ұстаздар қауымы. Зеңгі ата ауылындағы мына мектеп 200-ден астам балаға арналған. Олар үш тілде білім алады. Алтыншы сынып оқушылары аптасына екі сағат Абайдың өзбек тіліне аударылған шығармаларын оқиды. Осылайша шығыс шайырларын жатқа білетін көрші елдің жастары қазақ ақынын аздап болса да таниды. Ал Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы білім бағдарламасына енгізілуі құптарлық іс. «Өйткені ұлы қазақ ақыны түркі жұртының жырлаушысы», – дейді педагогтар. Бауырлас Өзбекстан мемлекетінің астанасында ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет кең ауқымда тойланып жатыр. Айтулы шараға Шығыс Қазақстан өңірінен  облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бастаған арнайы делегация қатысуда. Ташкент төріндегі салтанатты іс-шара Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаевтың, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің, Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Рустам Курбановтың, Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қатысуымен өтті.

Ұзындығы үш шақырымға жетеғабыл Абай көшесінің басында қасқайып ұлы Абайдың ескерткіші тұр. Оның артында – төбесіне көк күмбез төңкерілген Қазақстан елшілігінің еңселі ғимараты. Ташкенттіктер оны Өзбекстандағы ең үлкен елшілік ғимарат деп сипаттады бізге. Ескерткіш алдына ел таңғы сағат 8.00-ден жинала бастады. Арасында қазақша қауқылдасып жатқан қарттар да жетерлік. Өр Алтайдан арнайы барған Шығыс Қазақстан делегациясы ұлы ақынның Ташкенттегі оқырмандарына ерекше сыйлық ала барған еді. Ол – «Абай әлемі» сериясымен басылып жатқан 100 томдық топтаманың алғашқы бес кітабы. Аталмыш тартуды белгілі ғалым Арап Еспенбетов Өзбекстан Жазушылар одағының ғимаратында өткен конференцияда табыс етті. Екі іс-шарада да Семей қалалық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері мазмұнды көрме ұсынды. Ташкенттің зиялы қауымын әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген сирек кітаптар қызықтырды. Олардың арасында Абай көз майын тауысып оқыған ескі кітаптарды қолға алып, жақсы ырымға балағандар да болдыТашкенттегі қазақ жастары Абай мұрасынан кенде емес екендіктерін дәлелдеп, ақын өлеңдерін қос тілде жатқа оқыса, семейлік дәстүрлі әнші Берік Омаров Ташкент аспанын Абай әндеріне бөледі. 2013 жылы маусым айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың қатысуымен Ташкенттегі Абай көшесінде ақын ескерткіші ашылды. Абай ескерткішінің авторлары белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев.

      Абай мұрасының Орта Азия халықтары аренда дәріптелуі бұнымен тоқтамайды. Соның ішінде Әзірбайжан мемлекетінде айтсақ болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақынының кітабы әзірбайжан тілінде жарық көрді. Кітапқа Абайдың барлық өлеңдері мен дастандары, қара сөздері енгізілген. Абай шығармаларын аударған көрнекті әзірбайжан ақындары Эльхан Зал Қарахан және Ибрагим Ильясұлы. Осыдан екі жыл бұрын Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Халықаралық Түркі  академиясының ғылыми  кеңесінің ІІІ отырысы мен  Әзірбайжандағы Абай жылының ашылу салтанаты өтті. Басқосу барысында академия президенті Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының былтырғы қызметінің сәтті болғанын, түркі әлеміндегі халықаралық ұйымдардың Түркі кеңесімен қоян-қолтық жұмыс істегенін айтты. Академия басшысы «Мемлекет басшыларының саммит отырыстарында берген нұсқаулары негізінде Академия алдына қойылған міндеттер Қырғыз Республикасындағы Ғылыми кеңестің соңғы отырысында сәтті шешілді.», – деді. Алқалы басқосуда Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы Низами атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Туран Теймурдың «Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының көркемдік мәселелері» (Turan Teymur. Muxtar Auezovun «Abay» romanında sənətkarlıq məsələləri) атты монографиясының тұсаукесер рәсімі жасалды.Сонымен қатар салтанатты шара барысында Халықаралық түркі академиясы жарыққа шығарған басылымдардан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, 50-ден астам кітап Бакуде жаңадан ашылған «Абай» орталығына тарту етілді.Айта кету керек, Түркі академиясы Абай мерейтойы аясында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз, Түркия Республикаларында және ЮНЕСКО шеңберінде көптеген халықаралық іс-шара өткізіп, ұлы ақын туындылары мен М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын туыс түркі тілдеріне аударып шығаруды жоспарлап отыр.

       Ал, келесі көрші мемлекетіміз Қырғызстанда Абай мұраларын кеңінен дәріптеуде. Онымен қоса екі ел арасындағы мәдени байланыста жвл сайын жаңарып, дамуда. Бішкекте, А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында орналасқан А.Құнанбаев атындағы Қырғыз-Қазақ мәдени орталығында М.Әуезовтің қырғыз тіліндегі «Абай жолы» кітабының тұсаукесері өткен. Кітаптың қырғыз тіліндегі нұсқасы бұрын қазақ жазушысы О.Сүлейменовтің атақты «Аз и Я» кітабын қырғыз тіліне аударған Изиля Рахимованың аударма еңбегінің, сондай-ақ «Blue Sky» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауының арқасында мүмкін болды.И. Рахимованың айтуынша, бұл аумақты да жанкешті жұмыс болды, дегенмен іс жүзінде қазіргі әдеби қырғыз тіліне бейімделе аударылды. Аудару жұмысына екі жылдай уақыт кеткен. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы 1942-1956 жылдары төрт том болып қазақ тілінде жаряиланды. «Абай жолы» романының қырғыз тіліндегі соңғы басылымы Т.Суванбердиевтің аудармасымен 32 жыл бұрын 1989 жылы жарық көрген. Ал кітаптың қазіргі заманғы аудармасы қазіргі қырғыз тілді оқырманға қол жетімді әрі жеңіл оқылуы мақсатында жасалған. Сонымен қатар,  Қырғыз Республикасында әлем бойынша алтыншы «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты. «Abai Uii» МІҮ міндеттері:

– шетелде қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дәріптеу және ілгерілету;

– халықаралық мәдени озық тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау;

– ерекше дарынды тұлғаларды анықтау, оларды қолдау және еліміз бен шет елдерде шығармашылық, мәдени және спорттық әлеуетін ілгерілету үшін жағдай жасау;

– екі мемлекеттің шығармашылық, мәдени-ағарту, ғылыми, кәсіби және спорт ұйымдары арасында байланыс орнатуға және ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу;

Сонымен қатар, Бішкекте түркі әлемнің тұғырлы тұлғасы, ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұдан бөлек, Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай ақынға мың тағзым» концерті өтті, Айта кетейік, концертке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия өнерпаздары қатысты. Ұлы Абайдың сонымен бірге, өлеңдері де  қырғыз тіліне аударылды. Кітаптың жарыққа шығуына бірнеше автор атсалысқан. Солардың бірі – Перизат Алмазқызы. Оның айтуынша, Абай өлеңдерімен жұмыс істеу өте қызық болған. Сөздерін ұғу оңай, өлең ұйқасы да жақсы үндескен. Тез жатталады. Әрі есте қалады. Ұлы ақынның өлеңдерін оқи отырып, көз алдыңа жеке-жеке картиналар түзіледі. Осының бәрі философиялық мағынасы бар туындыға үйлесіп,  болмыстың мәніне ой түйгізеді,- дейді ол. Перизат Алмазқызы, кітап авторы:  – Белгілі қырғыз ақыны Аалы Токомбаев XX ғасырдың бірінші жартысында Абай Құнанбайұлының ең әйгілі өлеңдерін аударған болатын. Ал біз болсақ, өз кітабымызда кең қауым біле қоймайтын өлеңдер мен әндерді жинауды шештік. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерін аудара отырып, қалың жұртшылыққа, оқырмандарға авторлық ойын жеткізу үшін шығармаларының бастапқы мағынасын сақтауға тырыстық. Абай шығармашылығының өзіндік ерекшелігі бар. Аудармашылардың әрқайсысы данышпан ақынымыздың философиясын тереңінен аша білгені байқалады. Дереккөзі бір болғанымен, әр автордың көркем түрде жеткізуде өз ерекшеліктері болады. Бұл оқырмандардың рухани дүниесін байытып, ұлы ағартушымыздың дүниетанымын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. Перизат Алмазқызы, кітап авторы: -Абаймен жақынырақ танысу үшін бір жылдан аса уақытымыз кетті. Оның өмірге және айналасында болып жатқан оқиғаларға көзқарасын, туыстарымен қарым-қатынастарын түсінуге тырысып бақтық. Жалпы оның шығармашылық өмірін не толықтырғанын зерттедік. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабын мұқият оқып шықтық. Біздің ойымызша, бұл ақынның ең қызық шығармаларын жинақтауға көмектесті. Айта кетейік, зерттеу жұмысына, дерек жинауға және басып шығаруға қаражатты Қырғызстандағы елшілігіміз бөлген. Халықаралық Түркі академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін» атты алқалы жиын өтті. Шара барысында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған «Манас» эпосының қазақ тіліндегі нұсқасы және Абай Құнанбайұлы шығармаларының қырғыз тіліндегі академиялық басылымының тұсаукесері  өтті. Сонымен қатар, белгілі манасшы, ақын Баянғали Әлімжановқа түркі дүниесінің әдеби мұраларын жинақтап, зерттеуге қосқан үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының Алғыс хаты табыс етілді.

       Қорытындылай келе, адамзаттың ақылман абызы атанған Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы, дана, бас ақыны. Ол-ХІХ ғасырдың рухани кеңестігімізге тарту еткен аса бір талантты тұлғасы. Ұлы ақынның шығармалары әрбір оқырманның жүрегінен орын алады. Оның асыл мұрасы – өлеңдері мен қара сөздері сан ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Иә, Абай – мәңгі өшпес мұра қалдырған кемеңгер, ұлы ойшыл, данышпан ақын. Оның артында қалдырған мұралары – мәңгілік қазына. Оның мұралары жалғыз адамзаттың болмысын дамытып қана қоймай, екі елдің қарым-қатынасын жақындастыратын бірден бір мәдени көпір. Сондықтан, осы негізге ала отырып,  байланысты үзбей , Абай мұраларын да кеңінен дәріптеу қазіргі саналы ұрпақтың парызы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *