Логопедтің апталық жоспары (циклограмма)

ЦИКЛОГРАММА.

31.11-04.11.2022жыл.

Тақырып: «Ойыншықтар әлемінде»

 

 

  Дүйсенбі

 

Сейсенбі

 

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Ойыншықтар Ойыншықтар түрлері Ойыншықтар ерекшеліктері Ер балалар ойыншықтары Қайталау
Ұйымдастырылған

Оқу қызметіне дайындық.

Амандасу:

-Сәлем балақай.Көңіл күйің қалай?

-Қанекей үстел үстіне қарашы,бұлар не деп ойлайсың?

-Әрине ойыншықтар.Неткен әдемі,түрлі-түсті ойыншықтар.

-Сенің үйіңде ойыншықтар барма?

-Қанекей ойыншықтармен жақынырақ танысайық.

Амандасу:

-Сәлеметсіңдерме балалар.

-Балалар сендер балабақшада және үйде немен айналысқанды жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтармен ойнағанды.

-Жарайсыңдар,

Ойыншықтардың өте көп түрі бар.Бүгін солармен танысамыз.

Амандасу:

-Салем қалың қалай?

-Менің қолымда не бар қарашы.

-Әрине қуыршақ және көлік.

-Саған қайсысымен ойнаған ұнайды?

-Қанекей саған ұнаған қуыршақтың ерекшеліктерін,

түстерін бірге анықтайық.

Амандасу:

-Салеметсіңдерме балалар.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте қызық болмақ.Себебі бүгін

біз ер балаларға арналған ойыншықтармен танысатын боламыз.

 

Амандасу:
-Сәлем балақай.Көңіл-күйің қалай?

-Біз өткен сабақта не туралы өтіп едік?

-Әрине ойыншықтар.

-Ойыншықтармен толық таныса алдыңба?

-Бүгін өткен тақырыптарды қайталап шығайық.

-Білмеген жерлеріңді қысылмай сұра.

 

Ұйымдастырыл

ған оқу қызметтері

-Қанекей қорапты алайық.

-Қораптың ішіндегі ойыншықтардың барлығын үстел үстіне шығарайық.

-Қарашы қандай адемы ойыншықтар.

-Ойыншықтардың барлығын асықпай қолымызға ұстап танысып шығайық.

-Бұл-пирамида.Пирамиданың жүзікшелері түрлі-түсті. Пирамиданы біз көлеміне қарай саламыз.

-Бұл –доп.Доптың пішіні домалақ.Түсі-қызыл.

-Бұл-құрастырғыш.

Олардың түсі әр-түрлі болып келеді.Оларды бір-біріне кигізу арқылы құрастырып ойнаймыз.

-Мәссаған,үстел үстіндегі шашылып жатырған ойыншықтарды қараңдаршы.

-Олар сондай әр-түрлі екен ия балалар?

-Балалар ойыншықтардың түрі өте көп.

-Мысалы мына қуыршақ,аспазшы,

боянатын бояулар қыздарға арналған.

-Ал мына көліктер,полиция ойыншықтар,қару-жарақтар ұл балалар ойыншықтары.

-Ал пирамида,

құрастырғыштар,

түрлі-түсті доптар қыз бала мен ұл балаларға ортақ ойыншықтар.

-Қарашы осы ойыншықтар бір-біріне ұқсайдыма?

-Жоқ әрине.Барлық ойыншықтар бір-бірінен ерекшеленеді.

-Мінекей,мына допты ұстап көрші.

-Енді мына көлікті ұстап қара. Оларды ұстағанда айырмашылығын байқадыңба?

-Иә,демек ойыншықтар қатты,жұмсақ деген ерекшеліктерге ие екен.

-Және де ойыншықтар көлеміне қарай ерекшеленеді.

-Мысалы,доптың көлемі мен пирамида көлемі әр-түрлі.

-Түстер де ойыншықтардың ерекшеліктері болып табылады.

-Куыршақ қызыл түсті,аю қоңыр түсті.

Балалар сендер қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?

-Әрине ер балаларға арналған ойыншықтармен ойнайсыңдар.

-Оларға көліктер,құрал-саймандар,полиция ойыншығы және т.б жатады.

-Балалар мына қалташадағы ойыншықтардың барлығы ер балалар ойыншығы.

-Ер балалар ойыншығы түстеріне назар аударайықшы.

-Олар көбіне қара,көк,сұр,қоңыр түсті болып келеді.

Қарашы неткен қызықты ойыншықтар.

-Олардың түстеріне,көлемдеріне мән берші.

-Олардың түстері,көлемдері әр-түрлі.

-Ал мына пирамида ойыншығы қандай бөлшектерден тұратынын көрейік.

-Ол әр-түрлі түсті жүзікшелерден тұрады.

-Ал мына ойыншықтар ұл балаларға арналған ойыншықтар.

-Олар мәшінелер,құрал-саймандар және т.б.

Дидактикалық ойын «Не жоқ?»ойыны.

Мақсаты:балалардың есте сақтауын дамыту.

Өткізілу барысы:Балаға бірнеше ойыншықтар таныстырылып,ол көзін жұмғанда бір ойыншықты жасырады.Бала жоқ ойыншықты атауы керек.

1 деңгей:үлкен көлемдегі және аз ойыншықтар.

2деңгей:орташа көлемдегі 5-6 ойыншықтар.

3деңгей:ұсақ және көп ойыншықтар.

«Ол не?»ойыны

Мақсаты:баланың ойлауын дамыту,сөздік қорын молайту.

Өткізілу барысы:қоржынға ойыншықтар салып,бала сипап-сезу арқылы оны табады.

1деңгей:үлкен және аз ойыншықтар.

2деңгей:орташа көлемдегі 5-6 ойыншықтар.

3деңгей:ұсақ және көп ойыншықтар.

«Көлеңкесін тап»

Ойыны.

Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту.

Өткізілу барысы:Балаға әр-түрлі ойыншықтар мен көлеңкелер бейнеленген  суреттер беріледі.Бала сәйкесін табуы керек.

1деңгей:бір ойыншық,екі көлеңке.

2 деңгей:үш ойыншық,  5көлеңке.

3деңгей:бес ойыншық,жеті көлеңке.

«Мұнара құрастру»

Ойыны.

Мақсаты:ойлау қабілетін,ұсақ моторикасын дамыту.

Өткізілу барысы:Балаларға құрастырғыштар беріліп үлгі бойынша мұнара құрастыру.

1деңгей:аз құрастырғыштармен кішкентай көлемдегі мұнара құрастыру.

2деңгей:орташа көлемдегі мұнара құрастыру.

3деңгей:үлгі көмегімен биік мұнара құрастыру.

«Қуыршақты киіндір»

Ойыны.

Мақсаты:баланың ойлауын,ұсақ моторикасын дамтыу.

Өткізілу барысы:қуыршақты дұрыс киіндіру.

1деңгей:қуыршақтың бас киімін кигізу.

2деңгей:қуыршақтың бас киімін,көйлегін кигізу.

3деңгей:қуыршақты толықтай киіндіру.

Сергіту сәті.  

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

 

 

 

 

 

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

 

Секіреміз топ – топ,

Шапалақтап көп – көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр, екi, үш,

Иiлемiз солға қарай бiр, екi, үш

 

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

Дидактикалық ойындар «Қуыршақты құрастыр».

Мақсаты:ұсақ қол моторикасын дамыту.

Өткізілу барысы:

Қуыршақтың қима қағаздарын желімдеу арқылы құрау қажет.

1деңгей:екі бөлшекті қима қағаз.

2деңгей:үщ бөлшекті қима қағаз.

3деңгей:бес бөлшекті қима қағаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Магнитті құрастырғышен доп құрастру».

Мақсаты:ойлауын,ұсақ моторикасын дамыту.

Өткізілу барысы:

Балаларға магнитті құрастырғыштар беріліп допты құрау тапсырылады.

1деңгей:кішкентай допты құрау.

2деңгей:орташа көлемдегі допты құрастыру.

3деңгей:үлкен көлемдегі допты құрастыру.

«Түрлі түсті құммен жұмыс»

Мақсаты:ұсақ моториканы дамыту.

Өткізілу барысы:

Түрлі түсті құмда ойыншықтарды бейнелеу.

1деңгей:допты бейнелеу.

2деңгей:допты және пирамиданы бейнелеу.

3деңгей:доп,пирамида,аюды құмда бейнелеу.

«Пластилинмен жұмыс».

Мақсаты:сойлеуін,

ойлауын,ұсақ моторикасын дамыту.

Өткізілу барысы:пластилинмен доп,машина,аңдар,қуыршақты мүсіндеу.

1деңгей:үлгі арқылы допты мүсіндеу.

2 деңгей:допты және машинаны мүсіндеу.

3деңгей:аңдарды мүсіндеу.

«Пирамиданы жинау»

Мақсаты:ойлауын,

сөйлеу қабілетін дамыту.

Өткізілу барысы:Пирамиданың жүзікшелерін жинақтау.

1деңгей:екі немесе үш жүзікшені салу.

2деңгей:бес немесе алты жүзікшені салу.

3деңгей:пирамиданы толықтай жинау.

Сабақты қортындылау. -Бүгін қандай тақырып өттік?

-Бүгінгі ойын ұнадыма?

-Ойыншықтар дегеніміз не екен?

-Жарайсың,келесі кездескенше.

 

-Балалар бүгінгі тақырып ұнадыма?

-Ойыншықтардың түрлерімен таныстықпа?

-Қандай ойыншық түрлері бар екен?

-Жарайсыңдар.

-Ойыншықтар ерекшеліктерімен толық таныстыңба?

-Ойнаған ойындарымыз қызықты болдыма?

-Келесі сабақта кездескенше.

-Балалар бүгінгі тақырып өте қызықты болды иә.

-Сендер өздерің ойнап жүрген ойыншықтармен  толық таныстыңдарма?

-Ер балалар ойнайтын ойыншықтар қандай түсті болады?

-Жарайсыңдар.

-Осы аптада қамтыған тақырыпшалар түсініктіме?

-Ойыншықтар,олардың түрлері,түстері барлығымен таныстық.

-Саған ең қатты ұнаған ойын қандай болды?

-Жарайсың.

 

                                                                                                                                                                 

  

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *