Эссе «Коррупцияға қарсы менің сөзім»
«Коррупцияға қарсы менің сөзім»
Бүгінгі таңда, қоғамда өзекті мәселенің бірі, бірегейі де – жемқорлық пен парақорлық екендігі баршамызға белгілі. Осы жемқорлықтың, парақорлықтың салдарынан жеке тұлға және қоғам, мемлекет күйреп жатқанын да білеміз. Яғни, қоғамның ішіндегі үлкен дерт те осы – жемқорлық деген көзқарас туындады.
Қазіргі қоғамда белең алып кеткен, көптеген мемлекеттердің үлкен бір үздіксіз, таусылмас проблемасына айналған парақорлық, жемқорлық мәселесі – қаншама мемлекетті, қаншама адамдарды бұрыс жолға салу, қаншама адамдардың тиіссіз орын иеленуге өз септігін тигізу. Бұл шынымен де қоғамды бұзатын, құртатын дүние саналмақ.
Жемқорлық – ең үлкен бір күнә. Кейбір күнәлар бар, олар тек жасаған адамның өзіне ғана зиянын, кеселін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбіреулері күллі қоғамға, адамзатқа зиянын тигізеді. Және де осы бір «коррупция» ұғымын ауыр күнә деп атап айтсам, артық кеткенім емес… Былай қарасақ, қаншама жетімдер мен қарапайым азаматтардың ақысы бостан-бос кеткенінің өзі жемқорлық емес пе!? Әрине, ол жағын ойламасақ та, тек өз қара басымызды ойлаумен ғана өмір сүріп келеміз. «Шіркін, бұл дүние кімді алдамады!?» деген сұрақтың жауабын әлі де іздеудемін…
Ұлы Абай атамыздың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі осы бір сұм жемқорлық атты дүниені насихаттап, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы жайлы сөз қозғағанда, ұлы ақын «ар» тақырыбына тоқталмай кете алмады, кейінгі өлеңдерінде де, қара сөздерінде де осы қастерлі «ар» деген сөзге үлкен мағына беріп кеткенін байқауға болады.
«Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырып,
Ертеңі жоқ, бүгінге құмар» деген өлең шумақтарынан – ақ «Ұялма дегені көңіл үшін» атты өлеңінен Абай атамыздың қазіргі қоғамның дертін айтып кеткені және өлеңдерінде парақорлықтан аулақ болудың, пайданы емес, арды ойлаудың жолын да айтуы – үлкен тәрбиенің көзі, әртүрлі кеселдерден алшақтатуы деп есептеймін.
«Ұры – қарының серігі» дегендей, «Жемқорлық – сыбайластың серігі». Өзге адамның ақысынан болып жатқан дүние, желініп жатқан дүние – ешқашан жақсылық әкелмейтіні, қайырлы дүние болмайтыны рас дүние. Әр адам қоғам деп кішкене бір үлесін тигізетін болса, пара бермесе, жемқорлық жасамаса қаншама жетімдердің ақысы желінбей, мына адамдар бақытты ғұмыр кешуші еді… Сол себепті, адам өз орнын білсе, «мен өтірік айтқаннан, ештеңе болып қалмайды – ау» демей, өз мойынындағы міндетті сезінбеуден аулақ болу керек, қашу керек. Ғылыми тілде жемқорлық – мемлекеттік қызметті жеке мүдделерге пайдалану. Бұл әрекеттер қоғам мүддесіне, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қайшы келу. Ал бұл құқықбұзушылықтың негізгі мақсаты – пайда табу, өзіне кіріс кіргізу, заңсыз сыйақы алу болып табылады.
Сөз соңында Шәкәрім бабамыздың бір өсиетті сөзін негізге ала отырып, былай дегім келеді: «Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек. Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай…» дей келе, жемқорлықтың, парақорлықтың адам өміріне еш пайда әкелмейтінін түсініп, бұрыс жолдан бір адым болсын аттағандай болдым.