ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ САНАЛЫ ҰЛТ ҰРПАҚТАРЫ
Жаңа Қазақстан, әділетті қоғам, білімді ұрпақ. Бүгінгінің басты тірегі саналатын келтірілген үш тіркес бірін-бірі қашанда толықтырып тұрады. Осылардың алпауыт әлем кеңістігінде емес, осы Қазақстанда толығымен қамтылуы дамыған елдің басты кепілі.
Қазақстан сонау қиын-қыстау кезеңде соғыстың ауыртпалығына мойымай, жауға қарсы жүріп Тәуелсіздігіне қол жеткізген демократиялық ел. Бүгінде ескінің ескі жолынан шығып, Тәуелсіз деген мәртебесін нық ұстайтындай зайырлы мемлекет. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап халықпен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде еліміз экономика мен өз мемлекеттілігінің берік іргетасын қамтамасыз етіп, қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы сай болып өалыптасуының айқын дәлелі.
Түтіні түзу ұшқан еліміздің қазіргі таңда Жаңа Қазақстанға айналып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі халық үшін үлкен абырой!
Келесі кезекте, қай елде болмасын маңызды есептелінетін қоғам және ондағы әділеттілік принциптері. Мемлекетте қандай жағдаяттар (келісім, сайлау және т.б) болса да, оның қоғамға адал болуы қатаң ескеріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында: -«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік!”-, деген болатын. Яғни, демократиялық біртұтас Қазақстан үшін ұлт мүддесінің әділдік майдадында шешілуі бәрінен де абзал пікір.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
Жаңа Қазақстанның одан-әрі әлемдік аренада беделінің артып, дамуы барша азамат үшін де маңызды. Сондықтан елдің даму жолында үлес қосып, қоғамдық қатынастарда шындықты ту етіп, бәрінен де келешек ұрпақпың саналы азамат болуына ықпал ету қажет!
Мақала авторы: Алтаева Ж.Ж
Жетекшісі: Әлміш Ж.Т
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718