Жыры көп, жолы жоқ самокаттар
2022 жылдың 9 айында мобильді көлік қатысқан 77 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мопед қатысқан 49 апаттан 58 адам зардап шексе, электросамокат қатысқан 22 оқиға 23 тұрғынның жарақат алуына себеп болды. Полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, 21 жағдайда қос дөңгелекті көлікті кәмелетке толмағандар тізгіндегенін жазды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша жаз шыққалы апат саны күрт көбейген. Сәуірге дейін мопед қатысқан үш, самокат қатысқан жеті оқиға тіркелсе, тамыз айына дейін 20 мопедші мен 4 самокатшы жол апатына түскен. Қыркүйекте 21 мопед пен 9 самокат қатысқан ЖКО тіркелді.
Оқыс оқиға көбіне магистральді көшелерде болады. Жароков, Сәтбаев, Төле би және Шевченкода екі апаттан тіркелді. Айта кетейік, 10 маусымда Марков көшесінде жол шетінде тұрған Nissan Patrol-ға самокат тізгіндеген қыз соғылған. Ол ауруханада қайтыс болды.
Жуырда билік электросамокат жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін шектеді. Әзірге бұл тек ұлттық стандартта жазылды. Енді полицейлер жол ережесіне самокатшылар мен мопедшілердің құқығы мен міндетін қосып, жас мөлшерін заңмен бекітуге және Әкімшілік кодекске ереже бұзғандарға қандай жаза берілетінін енгізуге тиіс.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718