Жаңа Қазақстанның мәдени феномені: бүгінгі жастар және құндылық
Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады. Сондықтан да, мәдениетті өзіндік ерекшелігі бар мән-мағыналар жүйесі ретінде түсініп-білу үшін адамдардың іс-әрекеттерінің және өзара әрекеттерінің мән-мағыналарының түпкі сырын ашып алу қажет. Мәдениет феномені ғасырлар бойы қалыптасып, түрленіп келе жатқан көптеген мағыналар мен мағыналарды қамтитын тарихи категория. Адамзаттың белгілі бір деңгейге жетуінің арқасында қоршаған шындықты танудың ғана емес, сонымен бірге оны өзгертудің де қажеттілігі туындайды. Кейіннен қоршаған шындықтың адамның барлық материалдық және материалдық емес түрлендірулері «мәдениеттің» жалпылаушы мағынасына ие бола отырып, әлемдік тарихта берік бекітіледі. Кез келген мәдениет тек бір-бірімен байланысып қана қоймай, сонымен қатар өзара тәуелді, бірін-бірі толықтырып тұратын құрамдас бөліктерінің бірлігінде ғана қабылдануы тиіс екенін атап өткен жөн. Мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік категория бола отырып, өзіндік сипаттамалары, құрылымы бар және осы жұмыста қарастырылатын кейбір әлеуметтік функцияларды атқарады.
Дәл осы тұрғыда қазақ мәдениетінің феноменінің жойылып кетпеуіне және де кешегі қазақ ұлтының мүддесін көздеп, өз өмірлерінен де елді жоғары қойған азаматтар қуғын- сүргінге түсіп, итжеккенге айдалып, атылып кетті. Міне, қазақтың бетке ұстар қаймақ азаматтарынан айырылдық. Бірақ, аққа Құдай жақ деп, олардың есімдері мен істері ақталып, өз бағаларын да алды.Осы төгілген қанның арқасында қазіргі қазақ елі өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанды.Қазіргі жаһандану заманында алға қадам басқан жас буынның, тәуелдіздіктің келген жолы мен ата-бабадан қалған мәдени мұралардың қадір қасиетін бірі білсе, бірі білмес.
Қазір бүкіл әлем қиын уақыттан өтіп жатқаны құпия емес. Дағдарыс құбылыстары өмірдің барлық салаларында: экономикалық, әлеуметтік, құндылық бағдарларында орын алады. Ежелгі ұрпақ оқиғалардың ықпалымен оңай өзгермейтін құндылықтарды белгілеп қойған. Жастар қоғамның құндылық жүйесін әлі де дамытатын бөлігі болып табылады және бұл жүйе айналада болып жатқан нәрсеге байланысты. Өз кезегінде, қазіргі заманғы жастардың өмірлік құндылықтары бірнеше жылда қандай елдерде және әлемде болатындығына байланысты болады.
18-20 жастағы адам, әдетте, негізгі құндылықтар жүйесін құрайды, яғни оның барлық шешімдеріне және әрекеттеріне әсер ететіндер. Болашақта жылдар өткеннен кейін іс жүзінде өзгеріссіз қалады және жетілген адамның санасында маңызды революция үлкен стресстің, өмірлік дағдарыстың әсерінен ғана мүмкін болады.
Жастар біздің болашақ елімізді дамытар, ұлттымыздың өнелегі өренді жалғасы.Әр халық әрқашан жастарына назарды ерекше қойып,үміт артып отырған. Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз. Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз деген еді. Кез келген мемлекет тіпті жай ғана халық тағдыры жастар тағдырымен тығыз байланысты.Сол себептіде ертеден еліміз ел болам десең,бесігіңді түзе деп жастарды рухани кұндылықтарды бойларына сіңіріп келеді.Жастардың қазіргі кқрметтейтін кұндылықтары қандай болса,болашақ ел көрінісіде сонымен ере өзгермек!Ал,қазіргі заман жастарының құндылықтары не?Ел болашақта не күтуі керек?
Бүгінгі қоғамның өзгерген бейнесі туралы сөз қозғағанда, ендігінің құндылықтарын ертеңге жалғайтын жастардың келбеті туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес.Қазіргі жастары жеке өмір сүруді өте ерте бастайтыны баршамызға мәлім. Экономика, саясат, білім және мәдениет салаларындағы өзгерістердің қайсыбірі болсын, жастардың өмір сүру жағдайындағы өзгерістерге үздіксіз әсер етіп отырады. Жоғарғы әлеуметтік мобильділік жағдайында жастар және олардың құндылықтық көзқарастары түрлі өзгеріске ұшырап, кедергілерге жолығып жатады. Бұл өзгеріске ең алдымен құндылық жүйесінің құрылымы ұшырайды. Құндылықтардың бірі жастардың санасында жоғары дәрежеге ие болса, кейбірі екінші орынға ысырылып тасталады. Әсіресе, жастардың дүниетанымдық және рухани құндылықтарына әсер ететін жағдайлар ерекше маңызға ие. Ол – халықтың ұлттық сана-сезімі мен мәдени бірегейлік аясын кеңейтетін бағыт. Бұл үрдісте «мәдени дәстүр», «тәрбие» және «әлеуметтік орта» үшеуінің қайсысының маңызы жоғарырақ екенін нақты түсіне алу керек. Қазақстан жастарының әлеуметтік бейнесі екіжақты болып келеді. Зерттеушілер жастардың гуманистік құндылықтарға аса мән беретінін дәлелдейді. Дүниетанымдық көзқарастардың ішінде алдыңғы саптағы үштікке «Байлыққа қол жеткізу мен өз елінің көркеюі,мемлекеттің қауіпсіздігі,тыныштық пен адамдардың бақыты» секілді құндылықтар кіреді. Қазақстандық жастар сапалы білім алу, қалаған мамандығына қол жеткізу, жақсы маман болу, кез-келген нәрсеге адал еңбекпен қол жеткізу, еркін әрі тәуелсіз болу сынды құндылықтарды өте маңызды деп есептейді. Бұл нәтижелер өскелең ұрпаққа нарықтық өзгерістердің, оның ішінде экономикалық бастамалар, іскерлік және өз ісін ашу секілді идеялардың таңсық емесін аңғартады деп ойлаймын.Еңбек құндылығы жастардың өзін-өзі қалыптастыру әдісі ретінде маңызы артып отыр.Бірақ,жеңіл жолды іздейтінде жастар жоқ емес!Бес саусақ бірдей болмайтыны секілді,қоғамдағы жастардыңда ойы құндылықтарға келгенде сан алуан!
Жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады деген Ғабит Мүсіреповтың саналы сөзімен өз ойымды қорытындылағым келіп тұр.Заман жылжып,коғам өзгерген сайын жастар құрметтер құндылықтарда өзгеріп жатыр.Қандай құндылықтарға басымдылық берілседе,біз,жастар әркез ізденісте болуымызды сондай-ақ өзімізгеде қоғамғада пайдасы тиер игі істер орындауды мақсат ете білуіміз керек!Себебі біз жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзімен айтар болсақ ел болашағымыз!Болашағымыз жарқын болуы үшін білім мен ғылымды серік ете отыра ел келешегін кемелді ете білуіміз керек!
Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастырaмыз.
Қорыта келгенде, қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең ,жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді. Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек. Ғалымның ісі – ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөзбен формулаға айналдыру. Әдіскердің міндеті – ғалымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралын табу. Педагогтың міндеті – ғалым мен әдіскердің міндетін кең көлемде қоса отырып, оқушының тұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізгі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың назарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық мідеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болуын,сұлу сөз сыйқырлы үн әдемі өң мен түрлі ләззат ала білетін, һәм байсалды ,ойламдышымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған. Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұллттық қасиеттерді сіңіре білсек,сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз деген болатын. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор . Жалпы алғанда мәдениеттанушы ретінде біздегі үлкен мақсаттың бірі де, осы қазақтың мәдени мұрасын, өркениетін қаз қалпында сақтап, мән мағынасын жоғалтып алмауына, шырағының сөніп қалмауына бар күшімізді салып өскелең ұрпақтың сана-сезімінде патриоттық, ұлтшылдық сезімді ояту.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: Мультимедиялық оқулық. – Алматы: Эверо, 2018.
- Габитов Т.Х. История казахской культуры. – Алматы: Эверо, 2018
- Габитов Т.Х., Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н. Философия культуры: Учебник для студентов вузов и колледжей. – Алматы: Эверо, 2013
- Ғабитов Т.Х., Мүтәлипов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану: Оқулық. – Алматы: Лантар Трейд, 2019
- Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология: Учебник. – Алматы: Лантар Трейд, 2019.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718