Қыс қызығы

Мурзабаева Жұлдыз

Білім беру саласы:  «Шығармашылық»
Оқу қызметі:  «Сурет»
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой – өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Интербелсенді  тақта, ақ,көк қағаз,түссіз салафан,гуащ таяқшасымен,пва келей,арнайы жылтыр ұнтақ,картоп әр түрлі пішінді.

Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?Әрине.
Тәрбиеші:

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?Қыс мезгілінде.

Қыс мезгіліндегі өзгерістерді атау: Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
Тосын сәт: Топқа аққала қонаққа келеді:- Балалардан жалғызсырап қалдым досым жоқ деп көмек сұрайды)
Балалар аққалаға дос табуға көмектеседі
Тәрбиеші: Олай болса сенде  балалармен бірге сурет салуға көмектес.
Балалар  бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
1 – топ: «Аққала» тобы.

Шарты:Көк қағаз бетіндегі талға салафанды ақ гуащқа матыру арқылы қар бейнелеу,картоппен аққала  бастыру әдісі арқылы салу
2 – топ: «Шырша» тобы.

Шарты: Ақ қағаз бет пва арқылы шырша бейнесін салып,үстіне жасыл түсті ұнтақ себу.
Сергіту сәті
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.

Интербелсенді тақтамен жұмыс (Ойын)

Шарты

1.Әр түрлі пішіндердің ішінен керекті пішінді түсіне қарай тауып аққала құрастырады;

2.Шыршаны безендіру.
Аққала: Балалар, сендерге көп рахмет. Өте қызықты болды бүгінгі  іс – әрекеттерің.
Тәрбиеші:

Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Сау – саламат болайық.
Қорытынды: Екі топ оқу қызметі барысында жасаған жұмыстарын бір-біріне әңгімелеу арқылы қорытындылау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *