ДЕНЕ СҰЛУЛЫҒЫН 4 ТӘСІЛМЕН ЖАҚСАРТУ.

Бұл постта мен жаттығу кезінде не нәрсеге мән беру керек екенін , қалай дұрыс жаттығу жасау керектігін өз білгеніммен бөлісетін боламын.

1-ТӘСІЛ: Сіз егерде жаттығу залына барамын деп шешім қабылдасаңыз немесе дене сұлулығына аса мән беремін десеңіз, сізді құттықтаймын !
Сіз қазірден бастап әрекетті бастадыңыз.
Жаттығу жасап, денеңізді әдемі әрі мықты қылып шығару қазіргі таңда трендке айналды десемде болады.

2-ТӘСІЛ: Жаттығу кезінде нәтиженің 70 %-тамақтанудан тұрады .
Яғни,  FAST FOOD-ты қолданбай, дұрыс тамақтану керек. Ол сіздің ағзаңызға өте пайдалы және нәтижеге тез жетуге көмектеседі
Сіз жаттығу жасап жүрген болсаңыз, онда 5-уақытты тамақтану керек
Егер сізде тамақтану кестесі болмаса, менікін алсаңыздар болады

3-ТӘСІЛ: Әрине күнделікті жаттығусыз болмайды
Күнделікті жоспар құру барысында жаттығуға кем дегенде 1 сағат немесе 1/30 сағат жұмсағандарыңыз дұрыс .
Жаттығу кезінде барлығын аз дан бастаған абзал.Себебі бірден ауырдан бастасаңыз, денеңіз зақымданып қалуы мүмкін.
Жаттығудың арқасында : энергияңыз жеткілікті , көңіл-күйіңіз көтеріңкі  , күніңіз сәтті өтуіне  көп үлес қосады.

4-ТӘСІЛ: ДҰРЫС ҰЙҚЫ . Ұйқыны жеке бір тәсіл ретінде шығару себебім: көбісі дұрыс ұйықтауды елемейді.Ал толыққанды ұйқы кәсіби қызметте де, жеке өмірде де жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
Адам күніне орташа есеппен 8-10 сағат ұйықтау керек.Ұйқы кезінде организм қалпына келу процессі жүреді . Бұл ұзақ өмір сүруге ықпалын тигізеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *