Қазақтың ауызша тарихы – ұлт руханияты

Қазақ тарихының дерек көздерінің бірі ауызша тарих айту дәстүрі. Қазіргі кезеңде көшпенді қоғамда тарих айтудың мұндай дәстүрінің болғандығына ешкім дау айта алмас. Зерттеуші Г.Жүгенбаева «Дәстүрлі ауызша тарих» атты мақаласында анықтамасы, дәстүрге жататын туындылар түрлері, олардың қазақ тарихының дерек көздері ретіндегі маңыздылығы тарихнамада біршама қарастырылды.
Дегенмен де,ауызша тарих айту дәстүрі туындылары қазақ тарихының белгілі бір кезеңіне байланысты дерек көздері бола алатындығын дәлелдейтін нақты зерттеулер жеткіліксіз. Бүгінгі күннің талабы: жалпылама айтылған тұжырымдардан, нақты зерттеулерге көшу.
Ауызша тарих айту дәстүріне жатқызылған қазақ эпосын тарихи тұрғыдан жан-жақты зерттеп,деректік сипатын анықтайтын уақыт келді.Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша академик Ә.Марғұланның «Характере и исторической обусловленности казахского эпоса. // Известия казахского филиала АН СССР, серия историческая-1946-№2» атты еңбегінде қазақ эпосын шығу тарихына байланысты бес кезеңге бөлген. Олар:
1-кезеңге, ерте түрік тайпаларының ислам дәуіріне дейінгі мифтерін, аңыз әңгімелерін енгізген. Мысалы, Ер – Төстік, Құла – Мерген, Шолпан – Мерген тағы басқалар.
2-кезең, Оғыз – қыпшақ дәуіріне жататын ҮІ-ХІІ ғғ. қамтиды.Бұл кезеңге «Алпамыс», «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» сияқты шығармаларды кіргізген.
3-кезең – «Ноғайлы»дәурімен байланысты ХІІ-ХҮІ ғғ.қамтиды. Оған «Бөген батыр», «Едіге», «Қобыланды» басқалар жатады.
4-кезең – қазақ халқының жонғарларға қарсы күресімен байланысты ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Абылай және оның батырлары туралы әңгіме, жыр циклдарынан тұрады.
5-кезең -қазақ халқының,оның адал ұлдарының Қоқанд езгісіне,патша үкіметінің үстемдігіне,үстем тап өкілдерінің озбырлығына қарсы күресімен байланысты туған Махамбет пен Исатай, Бекет, Жанқожа, Кенесары мен Наурызбай туралы шығармаларды жатқызған.
Зерттеулерге назар аударсақ, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы-1 томда» сипатама бере отырып Ә.Марғұланның үшінші кезеңге жатқызған «Ноғайлы» дәуріне аталған эпоспен қатар: «Ер Тарғын», «Ер-Сайын», «Қазтуған», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қазы», «Қарадақ», «Жұбаныш», «Сүйініш» жатқызылады.
Әрбір кезеңге топтастырылған туындыларды бірнеше бағытта зерттеуге болады. Алдымен, туындыны тарихи кезеңге байланысты дерек көзі ретінде қарастыра отырып, қандай мәліметті көбірек беретіндігін айқындау қажет. Мәліметтің бірнеше түрі болуы мүмкін.
1.Жер-су аттары.
2. Салт-дәстүр.
3. Наным-сенім.
4. Тарихи оқиға.
5. Қоғамның саяси,әлеуметтік құрылымы.
6. Шаруашылығы.
7. Рухани танымы.
8. Жеке тұлға.
9. Сыртқы саясат.
10. Әлеуметтік теңсіздік ж.т.б.Содан кейін ғана туындыны зерттеудің бағытын анықтауға болады.
Туындының тіптен дерекке ешқандай қатысы болмағанның өзінде, ол”өткеннің шығармасы. 1-шіден,өткен кезең туралы мәліметтер көзі. 2-шіден, осы өткен кезеңнің өз шығармасы, ол өткеннің эстетикалық деңгейі және өткен кезең туралы қалыптасқан қате немесе толық емес пікірлердің куәлігі, әрі өткеннің қоғамдық ой-пікірінің ескерткіші болып табылады.” Сондықтанда бұл туындыларды батыл түрде тарихи тұрғыдан қарастырып, тарихшылардың зерттеу объектісіне айналдыру қажет.

2-курс магистранты Ә.Ж. Жанболатова
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *