Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің қазынасы

Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің қазынасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.Алайда , сонымен қатар орыс тілі де ресми түрде қолданылады.Мемлекеттің дамуы мен , басқа елдерден ерекшеленуі ана тілінде сөйлеуі, құрметтеуі деп білемін.

Ана тілінсіз халық болмайды.Тілінен айырылған ұлт тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт.Осыдан-ақ ана тіліміз ұмытылса, біздің халқымыз үшін барлығы түп-тамырымен жойылатынын білеміз.Мен үшін де ең өзекті тақырып осы-ана тіліміз болды.Шырылдап дүниеге келгенімнен бойыма дарыған ана тілі. Ана тілі- сөзбен жеткізе алмастай асыл құндылық.Осы асыл құндылықтың қадір-қасиетін әрбір азамат білсе екен деймін.Ана тілінде сөйлеп, тілді құрметтесе екен деймін.Мен қазақпын деп сөйлеген әрбір азамат- қазақ екенінің ең алғашқы дәлелі- түрі , киімі емес , таза қазақ тілінде сөйлеуі.Қазіргі таңда ана тіліміздің қадір- қасиетін бірі ұғынса, бірі білмес.Бір сөзінде орысша қосып, ана тілін шала араластырып сөйлейді.Өз мемлекетінің азаматы(азаматшасы) болғасын қазақ бауырыңмен, ата -анаңмен , достарыңмен ана тілінде сөйлеспесең , тілге деген құрметтің қандай екені анық белгілі.Осы тілге деген құрметтің төмендеуіне бірқатар себептер бар.Елімізде орыс тілінің белең алуы.Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан , көптеген орыс ұлты да осы елімізде өмір сүруде.Және тілге тиек ететін жағдайлардың бірі- алдыңғы жастар мен үлкендердің тілге деген құрметі. Иә, алдыңғы көш қалай жүрсе, кейінгі буын солай жүрері анық.Өз тілімізді өзіміз қадірлемесек, кім қадірлейді?!     Мен қазақша білмеймін деп те сөйлейтін қазақты көрдік.Жоғары биліктегі ана тілін ұмытқан саясаткерлерді де көрдік.Қазақ отбасында дүниеге келген жасөспірімнің зуылдап орысша ғана сөйлей алатынын , көптеген жастардың өз мемлекетінде жүре тұра орысша сөйлегенін де көрдік.Бауыржан Момышұлы атамыз а ” Мен екі қазақтың бір- бірімен орысша сөйлесуінен қорқамын” – деп, әуел бастан  асыл тілімізге алаңдаушылығын білдірген.Осыдан кейін ана тіліміздің жағдайы мен құндылығына қарап алаңдайсың.

      ” Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте!” дегендей көп тіл білу қазіргі ғасырда үлкен жетістік.Бірақ, ана тілімізде сөйлеу, қадірлеу , оның мәртебесін көтеру одан да үлкен жетістік .Ертеңгі ұрпақтың ана тілін ұмытып, басқа тілде сайрап жүргені – мәңгілік ел болуға үлкен тосқауыл.Қазіргі жастар  , үлкендер тілді қалай құрметтеп , ана тілінде сөйлесе, кейінгі ұрпақ сол жолмен жүретін хақ.Ата- бабамыз ежелден сақтан келген ана тілімізде сөйлеу- біздің парызымыз.Еліміздің мәңгі жасауы- аса құнды ана тіліміздің сақталуы.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *