Ахмет-ұлт ұстазы.

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы, халқымыздың, болашақ ұрпақтың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда “ тар жол тайғақ кешуден” өткен тұғырлы қайраткер. «Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында ұлттық жаңғыруды бастап, оны бір арнаға салушы топтың басында тұрды. Олар бастаған қоғамдық қозғалысты қазір «Алаш қозғалысы» деп атап жүрміз. Алаш қозғалысы бұл, біріншіден, ұлт-азаттық қозғалыс, екіншіден, ұлттық жаңғыру қозғалысы да. Ахаң ұлы ағартушы болумен бірге үлкен саясаткер ретінде де көрінді. Оның тұлғасы әрқашанда биік азаматтықтың үлгісі болып, қала береді» дейді академик Мәмбет Қойгелді.
Ол қазақ тілі мен әдебиеті мен білімін дамытуда өз заманының ірі реформаторларының бірі болып, елінің, ұлтының патриоты болды. Әрқашан намысы үшін күресіп, өзгенің де абыройын, ар-ожданын оятуға тырысты. Алаш идеясының көшбасшыларының бірі болды.
Оның басылымдарында қазақтың тәлім-тәрбиесі, грамматикасы, мәдени мұрасы тақырыбына арналған материалдар көпшіліктің қызығушылығын тудырды, адамдардың ұлттық санасын оятты, оқу-ағарту ісінің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Ахмет Байтұрсыновтың өзі айтқандай: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады”.
Ахмет Байтұрсынов- араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін жасап, грамматикалық терминологияны тұжырымдаған тұңғыш адам .Ал 1912 жылы қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алып тастап, олардың орнына тілімізге тән жаңа әріптерді енгізді. Бұл әліпбиді «жаңа емле» деп атаған. Оның әрбір шығармасы оның діндарлығын көрсететін Құрандағы «Бисмиллаһир-рахмани-рахим» деген сөздермен басталуы, бұл ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауымның барлығының медреседе немесе молдалардан оқығандығын көрсетеді.
Менің ойымша, әр қазақ мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық әдебиеттің реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының жүріп өткен жолы мен шығармашылығын қастерлеп, оның шығармашылығы мен идеясын бағалай білуі керек. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: “…Басқадан кем болмас үшін,біз білімді,бай һәм күшті болуымыз керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек”. Ендеше, біздің мақсат – азаматтықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *