«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!»

Математика физика информатика апталығы

«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» тақырыбындағы қорытынды кеші

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!

2-жүргізуші: мектебімізде Математика, Информатика, Физика апталығы болып жатқандағы бәрімізге мәлім.

1-жүргізуші: Осыған орай аптаның соңғы күні өткізіліп отырған «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» тақырыбындағы қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себеті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Апта бойғы сайыстарда әрбір оқуышыні білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, әр сайыстың жүлдегерлері анықталды.

2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берілсін құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, – дей отырып, апталықтың дамуына үлес қосқан, әр сайыстарға қатысып жүлделі орын алған шәкірттерімізді мақтан ете отырып, оларды марапаттау үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры…………………………………………………………………………………береміз.

1-жүргізуші: Жастықты біз ізденуге арнайық,

Білімдарлық танытайық, талмайық.

Асуларын білімнің бағындырып,

Өрлейік, өркендейік, самғайық!

2-жүргізуші: Парасатты жүрегің нұр төгеді,

Болдың міне абыройлы, мәртебелі

Қыран қонған биіктен көріне бер,

Асқар тау, туған елдің нар түлегі.

Жасампаз елдің жас қырандары, құрметті оқушылар марапаттарыңыз құтты болсын!

1-жүргізуші: Олай болса келесі кезекті «КАНООТ» ойынына берейік.

Бұл ойында ойнау үшін адымен барлығымыз қолымызға ұялы телефондарымызды алып, өз аты-жөндерімізді жазып тіркелейік. Бізге тақтада сұрақтар беріледі. Дұрыс жауабын өзіміз ұялы телефоннан белгілеу арқылы жауап береміз. Ойны соңында баңдарлама қорытындысын автоматты түрде шығарып береді. Ең жоғарғы балл жинаған 5 қатысушымызға силық беріледі. Олай болса, баршамызға сәттілік!

2-жүргізуші: Тыңдаңыздар,

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар!

2-жүргізуші: Босқа қарап тұрмаңыздар!

1-жүргізуші: МИФ-те қазір басталмақшы,

2-жүргізуші: Көңілді тапқырлар алаңы.

1-жүргізуші: Олай болса көңілді тапқырлар алаңына қатысатын оқушылар мен жас мамандардан құралған командаларды ортамызға шақырайық.

2-жүргізуші: 1-топ: «Уақыт жоқ»

1-жүргізуші: 2-топ: «БОМ жастары»

2-жүргізуші: 3-топ: «Голливуд»

1-жүргізуші:Енді, ойынымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық. Физика пәні мұғалімі:……………………………………………………………………………………………………

Математика пәні мұғалімі:…………………………………………………………………………………………….

2-жүргізуші: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:………………………………………..

1-жүргізуші: Психолог:…………………………………………………………………………………………………

2-жүргізуші: Әділ-қазылар алқасымен танысып болсақ, көңілді тапқырлар алаңының кезеңдерімен таныстырып өтейік. 1-кезең: 3-5 мин. аралығында әр команда өздерін таныстыру қажет.

1-жүргізуші: 2-кезең: «6 жаңалық». Бұл кезеңге 5 мин.уақыт беріледі.

2-жүргізуші: 3-кезең: «Үй тапсырмасы» (Еркін тақырып). Оған берілетін уақыт 7 мин.

1-жүргізуші: Және ең соңғы кезегіміз мақал-мәтел жалғастыру». Берілетін уақыт 4 мин.

2-жүргізуші: Ортаға командалар топ басшыларын қалдырып, қалған қатысушыларды сахна сыртына шығарып салайық..

1-жүргізуші: Ендеше, әр кезең сайын қай команда бастап отыратынын анықтап алайық. Ол үшін топ басшылар әділ-қазылар алқасының алдынан жеребе алайық..

2-жүргізуші: Олай болса қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, .1-кезеңімізді бастаймыз.

1-жүргізуші: Командалар өздерін таныстырып болды. Ендеше, таныстыру кезеңінің ұпайларын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.

2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «6 жаңалық». Барлық қатысушы командаларды ортаға шақырайық. Бұл кезеңде әр команда 6 жаңалықтан оқиды.

1-жүргізуші: «6 жаңалық» кезеңі туралы сөз әділ қазылар алқасында

2-жүргізуші: 3-кезеңіміз «Үй тапсырмасы». Еркін тақырып. Сіздерге  7 мин уақыт берілдеі. Кезең шарты түсінікті болса,              топ сахнада қалып, қалған қатысушыларды сахна сыртына шығарып салайық.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан осы кезеңіміздің қорытындысын сұраймыз.

2-жүргізуші: Енді соңғы кезеңіміз «мақал-мәтел» жалғастыру кезеңі. Алдымен————— топты шақырайық. Бұл кезеңде мен мақал-мәтелдің басын бастап оқимын, сіздер жалғасын табуларыңыз қажет. Әр командадағы әр қатысушы 1 мақалдан жауап беру қажет. Шарты түсінікті болса  мақал-мәтелдерді оқып бастаймын. «Уақыт жоқ» тобына:

  1. Нан – тамақтың атасы, (Ынтымақ – көптің атасы)
  2. Айтқызған – жамандықтың белгісі (Қамшылатқан – шабандықтың белгісі)
  3. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ (Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ)
  4. Тозған қазды (топтанған қарға алады)
  5. Болымсыздан үлгі шықпас (Көңілсізден күлкі шықпас)
  6. Ақымақ бұзуға бар (Түзеуге жоқ)

1-жүргізуші: келесі «БОМ жастары» тобын шақырамыз.

  1. Аз қойда айран бар, өре жоқ (Аз елде азар бар, төре жоқ)
  2. Ақ шашты ана: «жастығым – балам» дейді. (Ақылды бала: «ай-күнім – анам» дейді
  3. Аты аға бірігіп әке болмас (Жеті жеңге бірігіп ана болмас)
  4. Әке балаға қарыз (Бала далаға қарыз)
  5. Ақылдыға ишарат (Ақымаққа таяқ)
  6. Аңқау бөрі қой үркітеді (Ақылсыз адам ел үркітеді)

2-жүргізуші: Осы кезеңді аяқтайтын «Голливуд» тобы

  1. Жіптің ұзыны жақсы (Сөздің қысқасы жақсы)
  2. Кітап – қаймақ, (Білім – оймақ)
  3. Тіліңмен жүгірме (Біліммен жүгір)
  4. Көргенсіз дегенге кек тұтпа, (Көргеніңнен көрмегенің көп)
  5. Жақсы көрер тамырдың (Атын алма, тайын ал)
  6. Адам құлақтан азады, (Көңілден семіреді)

1-жүргізуші: Мінекей, біздің көңілді тапқырлар алаңы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі ойынның жалпы қорытындысын есту үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

2-жүргізуші: Ұрпағы, ұландары текті жердің,

Қашанда болмысына сүйенемін.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін! – дей келе, Математика, Информатика, Физика апталығын  қорытындылау кешімізді жабық деп жариялаймыз!

1-жүргзуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *