Ауыл мен қала
Адамдар өмір сүретін орта жалпақ тілмен қоғам деп аталады. Осы қоғамда адамдар 2 топқа бөлініп өмір сүріп жатыр. Біреулер алып мегаполисте тұрып жатса, бірі ауыл атты шағын мемлекетте тіршілігін жасауда. Ауыл мен қала қоғамның, нақтырақ айтқанда, мемлекеттің маңызды құрамдас бөліктері. Екеуінің де артықшылықтары мен өзіндік айырмашылықтары да бар.
Қазақтың дүниетанымында “ауыл ” ұғымы берік орын алған. Тарихымыздан да, қаладан бұрын ауылдың дүниеге келгенін байқаймыз. Ауыл бұл – татулығы мен бірлігі жарасқан бір шаңырақ астындағы жұртшылықтан құралған қонақжай мекен. Таумен көршілес орналасып, жасыл жамылған жерге табан тіреген ауылдың өзге елді мекендерге ұқсамайтын өз ерекшеліктері жетерлік. Ауылдың тіршілігі таңмен таласа оянған халықтың түліктерін табынға қосуымен бастау алып, сонау кешкұрым күнмен бірге батады. Ауылдағы бітпейтін тіршілікке бой үйреткен адамдар әрдайым қозғалыста болады. Әлеуметтік әлемнен тыс шығып, ауылдың таза ауасымен бетпе-бет келгеннен артық не бар?! Сонымен қатар, ауылдың дәстүрі тым бөлек, ғажап өмір! Ал қала болса, биік ғимараттар мен зәулім үйлерден тұратын, көлемі ауылға қарағанда ауқымырақ келетін шаhaр. Қаланың архитектуралық құрылысы оның ауылдан ең негізгі айырмашылығы болып табылады. Бұл алып мегаполистердің басты ерекшелігі – заман ағымына сай мәдениетінің дамып, мүмкіндігінің артуында. Шындығында, қалада адамдар үшін дамуға, өсуге, жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Ал ауылда жұмыс іздеу қиынға соғуы мүмкін, өйткені мүмкіндік аз. “Дамыған заман” термині осы алып шаhарларға тән болса керек. Қаладағы өмірдің де ауылдағы секілді бітпейтін тіршілігі бар. Толассыз көліктер қозғалысы мен бір жерге асыққан адамдар. Бұл жерде халық тұрақты жұмыс тауып, жақсы табыс көзіне жете алады. Көбінесе қалада техникалар қарқынды дамыған десек артық емес. Пайдасымен қатар, аталмыш елді мекеннің “минустары да” жоқ емес! Айтқандай, қалада көп көлік пен зауыт-фабрикалар болғандықтан, олардан бөлінген түтін мен улы газдар ауаның ластану ықтималдығын арттырады. Оның салдары ауаға ғана емес, сол ауаны тұтынатын адамдарға кері әсерін тигізетіндігін жоққа шығармаймыз. Ауылдың ауасын таза деуге де басты себеп осы болар!
Қандай жер болмасын, адам игілігі үшін жасалғанын ұмытпаған абзал! Ауылдың да, қаланың да маңызы өте басым!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718