Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
Жетекші: Жанатаев Данат Жанатайұлы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент
Мұратбекова Ж.Е.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты
Жалпы ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы түрлерін анықтап білу үшін алдымен ақиқат мәселесіне, оның этимологиясына тоқталып өту керек. Біз «Ақиқат деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып, көптеген жағдайларда біздің әлем туралы біліміміздің сенімділігі мәселесі анықталады.
Ақиқат дәстүрлі түрде ойлар мен шындықтың сәйкестігі (соответствие мыслей и высказывании действительности) ретінде түсініледі. Мұндай ақиқат тұжырымдамасы «классикалық» деп аталады. Шындықтың осы классикалық тұжырымдамасын Аристотель, Томас Аквинский, П. Гольбах, Гегель, Фейербах (ерте кезең), Маркс және т. б. сияқты ойшылдар қабылдады. Мысалы, Платон (б.д.д. 428/427-347жж.) – ежелгі грек философы, идеалист, Сократтың шəкірті. Оның пікірінше ақиқатты білімді – эпистема, доха (пікірлер) айыра білу керек деген.
Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) – ежелгі грек ойшылы, Платонның шәкірті, уақыт өте келе онымен пікірталасқа түскен, перипатетикалық мектептің негізін қалаушы, Александр Македонскийдің тәлімгері. Аристотель классикалық ақиқат теориясының негізін қалаушы ретінде белгілі, оның veritas est adaequatio intellectus et rei: Ақиқат – ол сананың, ойлау мен заттың, білім мен шындықтың болмыспен сейкестігі (Истина – это соответствие мысли и предмета, знания и действительности) деген мағынамен айтылған сөздерінде өте айқын тұжырымдалған. Ақиқат ұғымы Аристотель философиясын түсіну үшін негіз болса да, ол жақсы зерттелгенімен, әлі күнге дейін өзінің көп өлшемділігімен пікірталас тудырады.
Ақиқат, ақиқаттылық – ол адамның объективті дүние туралы ғылыми əдістер арқылы зерттеуде жəне өмірдің басқа аймағының шеңберінде, нақтылықтың рухани меңгеру түрінде, танымдық жəне практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде пайда болған айқын белгі. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тəуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқаттың субъективті және объективті жақтары бар. Оның субъективтілігі оның адамда, оның санасында екенін және оның ашылу дәрежесі адамның даму деңгейіне байланысты екенін білдіреді. Ал объективтілік жағын айтатын болсақ, ақиқат санадан тәуелсіз өмір сүретін объективті объектілерге қатысты мазмұнды бекітеді.
Ақиқаттың түрлерін бірнеше классификациялық белгілер арқылы жіктейді: бейнелейтін (танымдық) объект бойынша; пəндік түрлер бойынша, объекті меңгеру дəрежесі бойынша т.б. Объектті толық меңгерудің деңгейлері бойынша ақиқаттың салыстырмалы және абсолютті деген түрлері болады. Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет бойынша, абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін.
Догматизм қол жеткізілген барлық ақиқатты абсолютті және ол өзгеруге жатпайды деп санайды. Салыстырмалы ақиқаттың болуы мүмкін емес, не ақиқат болады не қате түсінік болады дейді.
Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтаймыз. Яғни адам, табиғат және жалпы әлем туралы толық сенімді білім. Мұндай ақиқат фактілерді анықтайды. Алайда, абсолютті ақиқатты анықтау оңайға соқпайды, себебі адамның қоршаған орта жайлы, ғылым жайлы білімі көптеген жағдайларға байланысты. Айналамыздағы орта, қоғам да бір орында тұрмайды, ол әрқашан өзгеріп даму үстінде болады.
Тағы да энциклопедияға көз жүгіртсек, салыстырмалы ақиқатқа келесідей анықтама аламыз: салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аяқталмағандығы, толық емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан әрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келеді, алайда ол толық емес акиқат. Абсолютті де, салыстырмалы ақиқат та объективті ақиқат. Объективтілік ақиқаттың сабақтастығының негізі болып табылады.
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арасындағы айырмашылық ақиқаттың нақтылығы мен толықтығы дәрежесінде жатыр. Айтылып өткендей, ақиқат әрқашан нақты, ол әрқашан белгілі бір уақытқа, жерге және жағдайға байланысты. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат бір-бірінен ажырамайтын бірлікте болады. Бұл бірлік олардың объективті болуымен анықталады. Олардың арасындағы өзара әрекеттесу нақты танымдық процесті, оның бағытын және ең жалпы құрылымды сипаттайды. Абсолютті ақиқат салыстырмалыдан тұрады, бірақ ешқашан түпкілікті дами алмайды. Әрбір салыстырмалы шындықта абсолютті шындықтың бір бөлігі бар. Процесстегі толық емес шындықтан таным неғұрлым толық шындықты қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Васильев С. Ф., Дёмин И. В. Учебное пособие Базовый курс по философии для бакалавров – Барнаул 2014.
- Горелов, А.А. Истина и смысл [Текст] / А.А. Горелов; Рос. акад. наук, Ин-т философии. – М. : ИФРАН, 2010. – 147 с.
- Косыхин В.Г. Форма, интеллект и телеология в Аристотелевском учении об истине.
- Краткий философский словарь / А. П. Алексеев, Г. Г. Васильев и др.; Под ред. А. П. Алексеева. — 2-е изд., перераб. и доп. — M.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004.— 496 с.
- Тойматаев Д.Б. Ғылым тарихы мен философиясы: магистранттарға арналған оқу құралы – Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 209 б.
- https://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D2%9B%D0%B8%D2%9B%D0%B0%D1%82_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%83
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718