Қазақстан ғажайыбы-тарихи жәдігерлер
Нуртазина Арай
Қазақстан ғажайыбы-тарихи жәдігерлер
Қазақ даласы түрлі тарихи байлықтарға толы. Бұл байтақ далада көптеген ескерткішер, тарихи жәдігерлер, ата-бабаларымыздан қалған заттар, кесенелер және т.б. табылған. Олар біздің мақтанышымыз, тарихтан қалған асыл мұрамыз, болашағымыздың кепілі. Көне тарихтың куәсі-құнды жәдігерлер дегендей солар жайлы не білеміз?
Мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орны, әлемге әйгілі- Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Бұл кесене жалпы тұрқы симметриялы, бөлшектері- ассиметриялы болып келеді. Осындай зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелерден тұрады: қазандық, ұлкен Ақсарай, кіші Ақсарай, құдықхана, кітапхана, асхана, көрхана, мешіт. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тұрғызуға үлкен үлесін қосқан Орта Азияның билеушісі- Ақсақ Темір. Ол 1396 жылы Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарынын орнына жаңа кесене тұрғызуға бұйрық береді. Бірақ тұрғызылып жатқан кезде кесене қайта-қайта құлай берген. Сонда бір күні Әмір Темірдің түсінде ақсақал аян береді. “Қожа Ахет Яссауидің ұстазы- Арыстанбаб болған. Әуелі ұстазы Арыстанға, содан шәкіртіне кесене тұрғызындар” деген. Бұл түсті көрген билеуші көріпкелдерін шақырып алып, түсін жорытады. “ Арыстанның қабірін қалай табамын?” деп көріпкелдерден ақыл сұрастыралы. Көріпкелдері “Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады” деп айтқан екен. Осылайша Арыстанбабтың жерленген сүйегі табылып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған.
Жартасқа ойылып салынған- Бекет Ата жерасты мешіті. Шопан ата қорымынан 100км шығыста орналасқан Бекет Ата зираты бүкіл Қазақстанның мақтанышы болады. Бекет Атаның толық аты жөні- Бекет Мырзағұлұлы(1750-1813). Ол әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Халық оны қастерлеп, әулие тұтқан. Бекет ата өте қадірлі кісі болған. Бірнеше елді мекендерге мешіт-медреселер салған. Ол мешіт- медреселерде құдайға құлшылық етіп, балаларды оқытқан. Ел аузынан айтылған мешіттері- жетеу, ал нақтысы-бесеу. Тау-төбелерді үңгіп, қашап жасалған мешіті-төртеу. Біріншісі Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда, бесіншісі Маңғыстау ауданы Тобықтыда.
Өзінің ерекше тау басындағы сиқырлы құдығымен танымал- Үкаша ата кесенесі(IX-X). Түркістан қаласының солтүстігіне қарай 35шақырым жерде Байқорған ауылдық округының солтүстігінде орналасқан. Үкаша атаның мазарын 1989-1900 жылдары жергілікті халық ауыл ақсақалдарының күшімен тұрғыған. Ол мазар екі бөлмеден тұрады, ені 4.6 метр, ұзындығы 22.2 метр,биіктігі 4 метр. Үкаша атаның кесенесіндегі ерекше құдығының биіктігі 3.5м, диаметрі 4.5м, құдықтың тереңдігі 22- 25м. Бұл құдыққа әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар Алладан тілек тілеп, өз күналарынан арылуға зияратқа келеді. Адамдар құдыққа шелек лақтырған кезде біреуден су шығады, біреуден шықпайды. Аңыз бойынша құдықтан су алған адамдардың тілегі, зияраты қабыл болады дейді. Тек қана тау басындағы жұмбаққа толы құдығы ғана емес, өзі де жұмбаққа толы Үкаш атаның басына қылыш тиген сәтте қаны 23 метрей созылған. Қаситетті әулиенің қаны аяқ астында қалмасын деп денесімен бірге қанын да қоса көмген.
Қазақ даласындағы көне жәдігерлер мақтанышқа тұрарлық ғажайып жәдігерлер екені сөзсіз. Ал олардың құндылығын сақтап, есте қалдыру ұлт борышы.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718