Тәрбие тал бесіктен
«Тәрбие – тал бесіктен»
Тәрбие тал бесіктен бастау алады. Қай кез болмасын әрбір адамның алдында, ойында тұратын басты міндеттердің бірі – ақылды, еңбекқор, иманды, өзіне-өзі жауап бере алатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, есті, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр адам өзінің келер ұрпағы қайырымды, ақылды, есті, ержүрек, адал, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсететін әділ, ізгі ниетті, көңілі ақ, еш мойымайтын, ар ожданы кең болып өссе екен деп тілейді, армандайды.
Бала дүниеге келгеннен бастап ол анасы мен әкесінің қамқорлығында болады. Анасы мен әкесі бала үшін әрдайым жауапкершілікте болады. Оны жақсы перзент болсын деп, бар жақсыны соған береді, мәпелейді, аялайды, жақсы көреді. Бар жағдайын жасайды. Кішкентай кезден бастап балаға дұрыс тәрбие беру, дұрыс жолды көрсету ата-ананың парызы. Тәрбиенің кірпіші сол кезден бастау алады. Ата-ана дұрыс тәрбие беру үшін олар алдымен өздерін дұрыстау керек. Өздерін дұрыстап, анализ жасап, жақсы әдет қалыптастыру керек. Сол кезде тәрбие дұрыс беріледі. Жүрегіне еліне деген махаббат, мейірім қалыптасуы қажет. Жас ұрпақты Отанға, елге, халық мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке, жақсылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу – ата-ана мен білім беруші мұғалімнің басты міндеті.
Ата-анасы өз баласының жоғары дамуын үнемі бақылап, қадағалап отырса және баласының жақсы қасиеттерін жиі айтып мақтап отырса баланың ата-анасына деген құрметі, махаббаты, мейірімі артады.
Ата-аналардың басты міндеті-балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Егер отбасында өзара түсіністік, сенім және жылулық болса, бұл нағыз бақыт.
«Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» дейді қазақ халқы. Шешесі қызына біреудің ала жібін аттама, жолын кеспе, сөз қайтарма деп бірқатар тәрбие беріп отырса, ұл балаға әкесі елінді қорғайтын мықты азамат болуын керексін, өтірік айтпа деп жамандықтың ізін кесіп отырса онда әке-шешесі дұрыс тәрбие бере алады балаларына. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып келеді.
Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді танып–білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата–ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.
Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бағалы дүниелердің, ережелердің бірі. Ата – анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Өзгелерге мейіріммен қарап, солармен санасып, өмір сүреді. Ал егер әке-шешесі баласының көзінше айқайлап ұрысатын болса, жаман сөздер айтатын болса, баланың психикасы бұзылып, өмірден өзіне не керектігін, не үшін өмір сүріп жүргендігін, қандай ортада болу керектігін білмейді. Сондықтан ата-ана баланың өмірінде тәрбиеге көңіл аударғанда маңызды рөл ойнайды. Ата-ананың қандай екенін баласына қарап білесін.
Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды,қайырымды, есті, ақылды, жүрегі қазақ деп соғатын балаларды тәрбиелеу үшін ата–ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті тәрбие болып саналуы тиіс. Себебі ата-ана бала үшін үлгі болып табылады.
Тұран университеті, Журналистика факультеті Сәбитова Амина
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718