«Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие»

 

Әр отбасы баласының болашағы үшін алаңдайды. Сондықтан бала кезінен бастап тек жақсылыққа баулайды. Нащар адамдардан аулақ ұстайды. Әр бала болашақ ата-ана. Балалық шағында көрген білгенін ол кейін өз ұрпағына үйретеді.

Тәрбие алдымен жанұядан басталады. Ата-аналар балаларын әдептілікке және жауапкершілікке үйретуі тиіс. Екінші орында – мектеп. Өмірінің көп бөлігін мектепке өткізгендіктен, мұғалімдер баланың біліміне ғана емес, тәртібіне де ерекше назар аударады. Егер оқушы сабаққа жүйелі түрде кешігіп отырса, өз киіміне және дәптеріне ұқыпсыз қарайтын болса, бұл баланың тәрбиесі қандай деңгейде екенін бірден айтуға болады. Бұндай жағдай орын алған кезде, әке-шешесі мектепке шақырылып, тәрбиелік жұмыстар өткізіледі. Бірақ, ешқай ұстаз, ата-анасының қателігін түзете алмайды. Өйткені көп жағдайда, отбасы мүшелерінің әрекеттеріне қарап, баланың мінез-құлқы қалыптасады. Мұны өзгерту өте қиын.

Тәрбиесі жақсы баланың өмірі де жақсы болары анық. Жасөспірім шақта баланың тәрбиесі толықтай қалыптаса бастайды. Бұл уақыт бала үшін өте жауапты кезең. Әрқилы дүниелерге қызығып, бәрін көргісі, білгісі келетін шақта ана-анасының дұрыс жолды бағыттап тұруы маңызды. Баласымен сырласып, маңызды тақырыпта көп сөйлесу арқылы бала өзінің ата-анасы үшін керекті жан екенін сезініп өмірге, келер күнге деген көзқарасын өзгертеді. Бала өмірінде ата-ананың алар орны зор. Ата-анасы тарапынан мейірім мен жанашырлықты көріп өскен бала келешегі өзіде өзгелерге сондай қарым-қатынаста болады. Бойына мейірімнің сәулесін сіңіріп оны өзгелерге шашу адам тәрбиесінің биік екенін көрсетеді.

Тәрбие саналы берілсе бала ешқайда қашпайды.Мынау кімнің баласы десе ұялмай айтатындай ұл өсір.келін болып ақ босағаны аттап түскенде мынау қандай анадан тәрбие алған десе  көзіне шұқитындай  қылығы аз қыз өсір. Тәрбиені отбасынан бастап дұрыс берсек болашағымызға қорықпай аяқ басайық.Балаңда алда отбасы боларын сезінсін.Өмір сүрсең адамша өмір сүрейік.Өзімізде ұялмайық,өзгені де ұялтпайық.

Авторы: Нуртаева Диляра

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *