Тәрбие тағылымы
Адамдар тал бесіктен жер бесікке дейін өзіне берілген өмірді әртүрлі бағытта сүріп жатады . Сол өмірімізді дұрыс өткізудің , мақсатқа дұрыс жетудегі басты қасиеттердің бірі ол – тәрбие. Жалпы адамзаттың да адам болып қалыптасуына бірден-бір дәнекер болған нәрсе біз айтып отырған тәрбие , мәдениет құралдары деп айтсақ дұрыс болар. Сол секілді әр ұлттың , ұлыстың ата-бабасынан бері қалыптасып, орнығып келе жатқан өзіндік тәрбиесі , өмір сүру қағидасы бар. Біздің де үңілейін деп отырғанымыз – Қазақтың төл тәрбиесі.
Біздің еліміз қай заманда тәрбие,намыс, ар-ождан деген қасиеттерге өте биік дәрежеде мән берген және өз өмірінде де басты қағида қылып бекіткен. Өскелең ұрпағының тәрбиесіне оның ата-анасы , қала берді әулеті жауапты болған. Әр бозбала мен бойжеткен , ер мен әйел өзінің іс әрекетімен өз мойнына әулеті мен руының тәрбиесін, абыройын көтеріп жүретін болған . Қандай да бір адам жетістікке жетсе , биік белесті бағындырса “ -мынау кімнің баласы? -қай рудың баласы ? ата-анаңнан айналайын, жақсы тәрбие берген екен “ дегендей мақтау сөздерді ата-анасына әулетіне бағыттап жатады. Ал кімде-кім керісінше жағымсыз қылық жасаса, тәрбиеге қайшы әрекет қылса ондай адамға қазақ “ атаңа лағынет “ деп жатады …
Қазақ айтады “ Ұрпағымды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле, ұлтымды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле “ – деп . Қараңызшы дана қазақ осы мақалдың екі жолмен ақ тәрбиедегі басты екі жолды көрсетіп тастаған , осыған ұқсас “Қызды жоқшылық бұзады, ұлды тоқшылық бұзады” -деген мақалға бір көз жүгіртіп шыққанның өзінде ұл мен қызды тәрбиелеу формуласын көрсетіп қызың қысылмасын , ұлың шашылмасын ортадағы балансты ұста деп тұрғандай. Тәрбие берудегі ұлтымыздың шеберлігі соншалық адамның көңіліне тимейтін өгіз өлмейтін ,арба сынбайтын жолды таңдаған , оған дәлел “Қызым саған айтамын , келінім сен тыңда “ – деп бір оқпен екі қоянды атқан.
Қандай жағдай болмасын , қай жерде болмасын қазақы тәрбиемізді жоғалтпайық ағайын , себебі – “Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең” .
Авторы : Сыдықбек Мейрамбек
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718