География пәнін оқытуда кескін карталардың маңызы және ерекшеліктері

География пәнін оқытуда кескін карталардың маңызы және ерекшеліктері

 

Дайындаған: Сабырбаева Гүлжазира Қыдырқожақызы

 

Қазақстанда білім саласында білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқушы мен оқытушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Біз қадам басқан XXI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенін ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбелеуді талап етеді.

Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларының пайда болуы.

Білім мазмұнының жаңаруы осы мамандардың кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Бүгінгі таңда  көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс жасауда үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. География ғылымында ең негізгі құрал географиялық карта. Осы географиялық картаны құрастыру үшін бірнеше ірі компьютерлік бағдарламалар арқылы нақты, қолайлы етіп жасауға болады. Геоақпараттық жүйелері ауа – райын болжау, жер телімдерін анықтап құрылыс алаңдарын жоспарлауда, тіпті жер асты байлықтарын зерттеп, олардың қорларын болжауда үлкен рөл атқарып келеді.

География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жарауына баса назар аударуды қажет етеді.

Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.

Географиялық карталардың атқаратын рөлі.

  1. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
  2. Карта — саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
  3. Карта — географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
  4. Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.

Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады. Педагогикалық инновацияның мұғалімдер алдына қоятын талаптарының бірі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап үйренуін  қалыптастыру. Сондықтан да оқулықтағы материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтырумен қатар, оқушының кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасау. Жаңа білім игеру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Оқушының өз бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей, түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі болуын қадағалау маңызды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:

  1. Оқулықпен жұмыс істеу— әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)
  2. Атласпен, картамен жұмыс істеу:география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру  керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
  3. Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 5-шы сыныптан бастап үйрете беру керек . Себебі 7 сыныптағы материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.

Қорыта айтқанда, карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал болуы тиіс. Оқушылардың теориялық білім мен әдістемелік білігін  үздіксіз  жетілдіру,  оқытудың  озық  әдіс  –  тәсілдерімен  қарулана  отырып, шығармашылық  жұмыстарын үйрену және іске асыру.   Бәсекеге  қабілетті  экономикасы  қоғамдық  жаңаруға  негізделген  жан-
жақты  білім  беру  жүйесі  керек  десек,  оның  алғашқы  ізденістері,  іргетасы
мектептен басталады.
«Бала  жүрегі  кішкентай  күйсандық.  Ол  күйсандық  кілтін  тапсаң  ғана
ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек» дейді. Олай болса,
қазіргі  заманауи  технологиялардың  тиімдісін  ала  біліп, іс жүзінде  қажеттілікке  жаратып,  білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгертуді басты жолға қоймақпыз.

                                                                                                               01.02.2022

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. «География және табиғат» журналдары 1998 – 2012 жыл
  2. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 1 том 1998 жыл
  3. Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 44 б.
  4. «Ұлан таңы» Ұлан аудандық газеті
  5. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8 сынып/ Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков. – Алматы: Атамұра, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *