Ағылшын тілін оқытудың маңызы, шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету ерекшеліктері

Ағылшын тілін оқытудың маңызы, шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету ерекшеліктері
АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Ағылшын тілі
Чакина Жанаргул, Ағылшын тілін оқытудың маңызы, шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету ерекшеліктері
Мақала авторы: Чакина Жанаргул
Жұмыс орны: Гагарин орта мектебі КММ
Лауазымы: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 28.02.2020

Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
 Олар: Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір – ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне / оқиға уақытына / оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;

 Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы – оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту;
 Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы – сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;
 Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
 Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет -әлпетіне көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл – қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай ылғида бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау, т.с.c.). Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты – мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы. Бірінші топ жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Үшінші топ жаттығудың мақсаты – мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады. Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
 Төртінші топ жаттығудың мақсаты – оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір – талас ұйымдастыру, “дөңгелек үстел” ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б.
 Екінші топ жаттығудың мақсаты – мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т.б., толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау және т.б.
 Оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
 тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
 мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
 мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
 мәтіннің аутенсивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс. Нәтижеге бағдарланған білім моделінің тағы бір ерекшелігі оқытуды ұйымдастыру жолдарының өзгешелігімен байланысты. Бұл жүйеде оқу процесін ұйымдастыруда басты назар оқушыны қалай оқытуға емес, керсінше оқушыны оқуға үйрету керек деген мәселеге аударылып, пәндік білім білік және дағдыларды меңгеру емес, құзыреттерін дамыту басты болып саналады.Оқушы қызметін жаңаша тусіну оқытудың компоненті ретінде сабақ беру әдістерін өзгертуді талап етіп отыр. Сабақ беруде басты назар оқу ақпаратымен хабардар ету емес, оқушылардың күтілетін нәтижелерді меңгеруіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқу әдісін жобалауға аударылады. Басты назар оқушыны оқуға қалай үйретуге емес, оқушыны қалай оқыту керек деген мәселеге аударылып отыр. Сабақ – мектептегі оқу–тәрбие жұмысының негізгі формасы. Өйткені мұғалім сабақта оқушыларға білім береді, оларды тәрбиелейді және жан – жақты дамытады. Сондықтан шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді 1 Г.Амандыкова,Б.Баймұханова «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі»3 Сысоев П.В. «Развитие умений учащихся воспринимать текст на средней и старшей ступенях общего среднего образования »
 » Шетел тілін оқыту әдістемесі
 Пайдаланған әдебиеттер
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі болса, ағылшын тілі-халықаралық тіл. Оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, оларды өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс баяндай білуге дағдыландыру, ағылшын тілінде жазылған шығармалардың тіл байлығын білу тәрізді іскерлік дағдыларын қалыптастыру, адамзаттың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру сөйтіп, егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, тарихи құндылықтарын,ізгі тағылымдарын шет тілі арқылы дамыту пән мұғалімдерінің басты мақсаты болуы керек.
 Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты – оқушылардың қарым – қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады.
 Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту қажет. Егерде тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасақ, оқушылардың шетел тілінде сөйлеу алуға да үйрете алмаймыз.
Ұстаздарға арналған порталдар тізімі:
 Конкурстар мен олимпиадалар – https://talimger.kz
 Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz
 Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz
 Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz
 Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru
 Халықаралық педагогтар ассоциациясы – https://iae.su
 Зияткерлік технологиялар институты – https://zti.kz
 Педагогикалық журнал – https://adisteme.kz
 Әдістемелік журнал – https://tarym.kz
 Атаулы ертегілер – https://hansunqar.kz Конкурстар мен олимпиадалар – https://talimger.kz
 Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz
 Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *