Уақытты ұтымды пайдалануға арналған ТОП 5 кеңес
Бос уақыт- тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі.Бос уақыттың басты қасиеті сырттан нұсқау тілемейтін,әр адамның жеке байлығы.Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген адамдарды толғандырады.Әсіресе,жыл сайын ҰБТ тапсыратын мектеп түлектері үшін бос уақытты тиімді пайдалану аса маңызды болмақ.
Уақыт-бұл біздің өтіп жатқан өміріміз.Біз мұны көбіне біле бермейміз.Уақытымыз өтсе қуанамыз,мәз-мейрам боламыз.Анығында,уақыттың кері қайтпайтынын және оның өте маңызды екенін аңғармаймыз.Оны қайтару мүмкін бе? Біз өзіміз уақытты унемдеп,босқа жібермеуге тырысуымыз керек.Сен үнемі асығасың,ештеңеге үлгермейсің,уақытың жоқ.Көбінесе мұндай жағдайлар сені күйзеліске алып келеді.Шаршайсың,страстің құрбаны боласың. Ал сен уақытыңды жоспарлап көрдің бе?
Уақытыңды оңтайлы басқаруға JOO.kz ( арнайы түлектер үшін арналған платформа) ұсынған төмендегі ТОП 5 кеңеске назар сал:
№1 кеңес. Күнделік арнау.Иә,ол жерге барлық жасалуы керек істерді енгізіп,уақытына қарай бөлуің қажет.Сол жағына-уақытты,оң жағына-істі.
№2 кеңес. Келесі күннің жоспарын бүгін кешке жазып қой.
№3 кеңес. Апта соңы жаңа аптаны жоспарлап жаз.
№4 кеңес. Әр айдың соңында орындалмай қалған істерді бітіріп,жаңа айдың жоспарын құр.
№5 кеңес. Өзіңе көп жүк артпа.Маңызы аз жұмыстарды кейінге қалдырып,ең маңызды дегендерді ең алдымен жасауға тырыс.
Есіңде болсын: неғұлым көп іс бітірсең,соншалықты жұмысыңның және өміріңнің сапасы артады.
JOO.kz ұсынған бұл ТОП 5 кеңесті міндетті түрде жүзеге асырып көр.ҰБТ-ға санаулы күндер қалды.Уақытыңды зая кетіре көрме.Себебе, Томас Эдисон айтқандай:” уақыт-әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капиталы”.Демек,оны зая кетіру орны толмас банкротқа алып келеді.Алтын уақытыңды үнемдей біл құрметті оқырман