Қазақстандағы тағдыр.
Биылғы 2022-нің басталуы күллі жұртшылықтың қорқынышын алды. Отыз жылдық тарихы бар қазақстанда болған сұмдық жағдай кімнің болмасын көкейін тесті. Қаламыздағы орын алған митинг әділ түрде өткенімен соны шиелінісіп соғысқа айналғандай болды. Бірі бұл жағдайды терроризмнің ісі деп қараса, ал бірі қарапайым халықтың жасаған әрекеті деп жаба салды. Қатты қынжылатынымыз біз үшін, біздің амандығымызбен күрескен әскери сарбаздарға алғыс айтамыз. Жазықсыз жаза алған жас сарбаздар кісі қолымен қаза тапты. Бұл тарих қазақстан тарихындағы күллі жұртшылықтың жүрегінде қалатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемел ұлының жарғысында “Жаңа Қазақстанды бірге жасаймыз ” деп айтқан астарлы сөзі бізге бір алыстан кернеу соғылғандай болды. Расыменде жаңа қазақстанды біз тек өзіміздің қолымыздан жасай аламыз. Күшіміз бірлікте арандатушылардың сөзіне ермей тек заң жүзімен қарап барынша сабырлық байсалдық танытуымыз керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718