Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері
Тәрбиеші:Нұрғазиева Жеңіскүл
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған орта
Тақырыбы: «Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері»
Мақсаты: Балаларға Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерін таныстыру. Сөздік қорын молайту.Ел ордамызға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекі-құралдары:слаид,үйлестірмелі материалдар.
Оқу қызмет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық
Ізденіс-
ұйымдастыру
шылық
Қайырлы таң,балалар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Мына шарды балалар, бір-бірімізге бере отырып, елімізге, жерімізге, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Ахмет:Күніміз ашық болсын! Анеля: Түніміз тыныш болсын! Санжар: Еліміз аман болсын! Аниса: Тыныштық заман болсын! Алихан: Бейбітшілік болсын! Сүлеймен: Шаңырағымыз биік болсын! Әли: Құт-береке мол болсын! Айлин:Отбасымыз аман болсын! Аллаберген: Қаламыз гүлдене берсін Дәулетжан: Ата-анамыз ауырмасын! Біржан: Елбасымыз аман болсын! -Жарайсыңдар, балалар, енді осы тілекке толы шарды қонақтарға қарай ұшырып жіберейік. Балалар, қазір бізде ерекше ұйымдастырылған қоршаған ортадан оқу іс-әрекеті болады -Қазір жылдың қай жылы? -Қыс мезгілінің қандай айы? -Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Слайдпен көрсету) Ақ орда – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс орны. -Хан шатыры – мұнда бизнес, сауда, ойын орталықтары бар. Бейбітшілік және келісім сарайы-әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат. Бәйтерек-Нұр-Сұлтан қаласының басты символы.Бұл Н.Ә.Назарбаев атамыздың идеясы бойынша құрылған.Мұнда президенттің алақанының таңбасы бар. 1. Ойын:Дәнді дақылдармен жұмыс Балалар шеңберіне жиналып, шарды бір-біріне ұсына отырып, тілектер айтты. -Қазір жылдың қыс мезгілі. –Қыс мезгілінің қараша айы. -Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. -Еліміздің бас қаласы-Астана қаласы.
Рефлексивті- түзетушілік Сергіту жаттығуы: Таудай болып өсеміз Ғарышқа да барамыз Отанның, ел ананың Мақтанышы боламыз Туған елдің көгінде Жұлдыз болып жанамыз 2.Ойын: «Көлеңкесіне қарай орналастыр» Балалар біз енді бүгінгі оқу қызметімізде өткен астанамыз «Нұр-Сұлтан»қаласы жайлы кім тақпақ біледі екен. Ахмед.Анаң-күнің жүрегің Әкең-өмір тілегің Сен-бақытты ұлансың Бәрі саған қуансын Айлин:Елтаңбасы елімнің Неткен айбат әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі Санжар:Отаным Қазақстан Құтты болсын мерекең Тәуелсіз елміз отыз жыл Арта берсін берекең -Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Нұр-Сұлтан қаласының қандай көрікті жерлері бар екен? -Біздің Астанамыз қалай аталады екен? Сұрақтарға толық жауап берді.
Күтілетін нәтиже.
Біледі:Нұр-сұлтан қаласының керемет жерлерімен танысып,мәлімет алды;
Игереді:»Астана-бәйтерек» монументінің шығу тарихы жайлы білді;
Меңгереді:Нұр-Сұлтан қаласы жайлы тақпақтарды айта білді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718