Мен және Абай әлемі
Мен және Абай әлемі
Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.
Н.Ә.Назарбаев
Қзақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану – Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз Абай қазақтың –бойтұмары. Қазақтың данышпан ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дaна ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің негізін құраушы – Абай Құнанбайұлы. Қазақтың ұлттық жазбa әдебиетінің негізін қaлады. Абaй есімі дүниежүзі хaлықтaры әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатaр тұрaды деп айтa aламыз. Ақынның мол әдеби жaзба мұрaсы тек бір халықтың ғaна емес, бүкіл aдамзаттың рухaни қaзынасы саналып отыр. Ұрпақтан-ұрпаққа ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жaңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері, тәрбиеге шақыратын шығармалары ешқашaн да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абaй халықпен мәңгі бірге жасaп мұң-мұқтажын бірге көрген ұстаз.
XIX ғaсырдың екінші жaртысында Абaй қaзақ әдебиетінің тарихында сыншылдық реализмнің, әділдіктің негізін қалаушылардың бірі болды. Өзінің аса жоғары тaбиғи дарынымен ол бaрлық aқын-жазушылaрдың aлды болуымен қaтар, өз еңбектерінде тек қaна хaлқының мақсат-мүддесін қорғай отырып, халқының aхуалын жaқсарту бaрысында күресті. Қазaқ әдебиетінің демократиялық бағытын негіздей отырып, Абай дәл сол кезде қазақ әдеби тілінің тууын зерттеп әдет-ғұрып, салт-дәстүрге тоқталды. Оның әдеби поэзияда ойға қонымды, әрі жинақы, аса бай әдеби тіл мәнерін шебер қолданып тілге жеңіл көрсете білді. Қазақ халқының қоғамдық ортасында дамып жетілген Абай поэзиясы халықтың әдеби бай қазынасынан нәр алып шарықтай түсті. Ақын 1880-1900 жылдардағы халық өмірінің елеулі өзгерістерінің бірі болып саналатын сол кездегі қоғамдық-тарихи жағдайдың қазақтарға тигізген әсерін жан-тәнімен түсіне отырып, өз өлеңдерінде, шығармaсында қaзақ қaуымының даму барысын әрі терең, әрі шыншылдықпен суреттей білді. Лирикалық өлеңдерінен байқасаңыз болады. Өнер жолындағы жоғары, аса керемет жетістіктер мен ескілікті біржолата сыпырып, жаңашылдықты тарихи түрде мойындатуы және халық өмірінің ішкі дүниесін жан-тәнімен түсінуі, өлеңдерінің бай қоры Абай шығармаларының классикаға көтерілуіне, әлем әдебиеті мен орыс әдебиетінің бай қазынасынан нәрлі қорек ала білген Абай қарапайым қазақ халқын реалистік түрде жырлап халқының көзі ашылсын, балаларын оқу, білімге жетелесін, ұлттық тәрбие берсін деп анық атап айтты. «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заман өткен сайын зерттелу үстінде келе жатқан Абай мұрасы ұрпаққа мол нәтижесін беруде. Қаншама уақыт өтсе, дүние өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына түсіне бастауда. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтындығына, қорғап қастерлейтініне сенемін. Абай мұрасы мәңгі өлмейді, 10-11 сынып бағдарламаларына да пән болып еніп отыр. Ақынның жазба әдебиетіне салған үлесі мол, шығармасы таусылмайтын рухани азық, мөлдір бұлақ, құнарлы нәр, асыл қазына. Абай мұрасын мектеп бағдарламасында пайдалануда біз ұстаздар қауымы жас ұрпақтың санасына жететіндей етіп түсіндіру үшін Абайды оқып, өмірді Абайша түсіну керек деп жол көрсетуді мақсат тұтуымыз керек. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазған ұлы- ұстаз. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті – өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Мәне осылай Абай жазба әдебиетінің негізін қалады. Қорыта айтар болсам, мен және Абай әлемі екі ұқсас дүние. Абайдың еліне берген мол дүниесі бар. Қазақ халқы үшін аянбай тер төккен Абайды бүгінгі ұрпақ бағалай білуі керек. Ұлы Абайдың 176 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет болып тұр бүгінгі ұстаздар қауымына.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012, желтоқсан -14.
2.Қазақстан Республикасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты //ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген. – Астана, 2012. –25б.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718