«Н» дыбысын қою . Ерекше балалармен жұмыс жоспары
«Н» дыбысын қою
Білімділік мақсаты:
|
«Н» дыбысын сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы, буындар мен сөздерді оқу негізінде қою. Есту қабілетін дамыту арқылы «Н» дыбысын ажырата білу. |
Дамытушылық мақсаты:
|
Сұрақтарға ауызша жауап беру баланың есту қабілетін дамыту. Жаңа сөздермен таныстыру және соның негізінде баланың сөздік қорын молайту. |
Тәрбиелілік мақсаты:
|
Үлкендерді тыңдауға және сыйлауға үйрету. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру. |
Көрнекіліктер:
|
Суреттер, кеспе сөздер, табличкалар, «Балық аулаймыз» ойынына қатысты материалдар. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
— Бекжан, тұр. Амандас.
— Отыр. — Мені тыңда. Сұрақтарға жауап бер. — Сенің атың кім? — Сенің тегің кім? — Сенің жасың нешеде? — Сен не істедің? |
— Салем апай!
— Менің атым – Бекжан. — Менің тегім – Мұхан. — Менің жасым бесте. — Мен сұрақтарға жауап бердім. |
ІІ. АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
— Бекжан, қазір біз тілге жаттығу жасаймыз.
— Жаңғақтар жаттығуы. — Тәтті тосап жаттығуы. |
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ
«Н» дыбысының шырайын көрсету
— Бекжан, мені тыңда. Жауап бер.
— Мынау не? — Дұрыс. Суретте не бейнеленген? — Бекжан, мынау не? — Мынау не? — Жарайсың Бекжан. Сен не істедің? |
— Мынау – сурет. — Суретте шырай салынған. — Мынау – тіс. — Мынау – тіл. — Мен жауап бердім. |
«Н» дыбысының шырайын түсіндіру
— Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артында.
— Мұрын қанаты дірілдейді. — Дауыс желбезектері дірілдейді. |
«Н» әрпінің таңбасымен таныстыру
— «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс. |
ТЫНЫСПЕН ЖҰМЫС
— Бекжан, қазір тынысыңды бөлмей, буындарды оқы.
— Жарайсың. Сен не істедің? |
— НА
— НА ___ НО — НА ___ НО ___ НУ — НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ — Мен оқыдым. |
ДАУЫСПЕН ЖҰМЫС
— Бекжан, мынау не?
— Дұрыс. — Қазір буындарды оқимыз. — Мынау буындарды дауыстап оқы. — Мына буындарды жай оқы. — Мына буындарды сыбырлап оқы. — Жарайсың Бекжан. |
— Мынау – буындар.
— НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ — АНА ___ ОНО ___ УНЕ ___ЕНЕ — АНО ___ УНО ___ ЕНА
|
- ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ
— Бекжан, мынау – нан (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Нанды біз жейміз.
— Мынау – нар (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). — Міне, мынау – науа (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Науадан жануарлар су ішеді. — Міне, мынау – сенің анаң (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). |
— НАН
— НАР
— НАУА
— АНА |
- ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
— Бекжан, мені дұрыстап тыңда.
— Мен қазір сөздер айтамын, сен суретін көрсет. — НАР — НАУА — НАН — АНА — Өте жақсы. |
— Бала сәйкес сурет пен табличканы тауып, оқиды. — НАР — НАУА — НАН — АНА
|
- VI. «БАЛЫҚ АУЛАУ» ОЙЫНЫ
— Бекжан, қазір біз ойын ойнаймыз?
— Бұл – не? — Дұрыс. Қазір сен балық аулайсың. Балықтардың артында сөздер бар. Соларды оқы.
— Бекжан, жарайсың. |
— Мынау – балықтар. — НА ___ НАН. — НА ___ НАР. — НА ___ НАУА. — НА ___ АНА. |
VІI. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
— Бекжан, сен қандай дыбыспен таныстың?
— «Н» дыбысы бар сөздер айтшы. — «Н» дыбысы қандай дыбыс? |
— Мен «Н» дыбысымен таныстым.
— Нар. Нан. Ана. — «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс. |
VII. БАҒАЛАУ
Бекжан, сен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстың. |
VІІІ. САБАҚТЫ АЯҚТАУ
— Бекжан, сен сабақта не істедің?
— Жарайсың. Апайлармен қоштас. |
— Мен оқыдым.
— Мен тыңдадым. — Мен ойнадым. — Сау болыңыздар! |