Ыбырай салған жолмен келемін

№2 жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Эссенің тақырыбы:

 

«Ыбырай салған ізбен жүріп келемін»

 

 

 

 

Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғілімі

                    Темірбай Нұрайым Боранбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қаласы

 

Эссе

«Ыбырай салған ізбен жүріп келемін»

 

Қазақ халқының ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырып,тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ – Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен  экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп,  халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың  есімі қашанда уақыт сынынан  мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып  келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Ағартушының өнегелі өмірі мен  өрісі биік таланты бір кезде  қандай жарқын да жанды қасиеттерімен  көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында  айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келді. Шын есімі – Ибраһим. Ыбырайдың әкесі Алтынсарыны 1844 жылы Кенесары Қасымұлы жасақтары өлтіріп кеткен соң, анасы Айман ерінің інісі Қошанға тұрмысқа шығады. Ыбырай тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алған.

1846 жылдың 5 наурызында Балқожа Орынборға әдейі барып, Шекара комиссиясының председателі генерал-майор М. В. Ладыженскийге Ыбырайды жаңадан ашылуға тиісті қазақ балаларына арналған мектепке алуға арыз береді. 1850 жылы 22 тамызда Орынбор қаласында Шекера комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін арнаулы мектеп ашылады. Оқу мерзімі жеті жылдық еді. Осы мектепке қабылданған 30 баланың бірі болып Ыбырай да қолына алғаш қалам алды. Сабақ 24 тамызда басталды. Оқытылған негізгі пәндер орыс, қазақ және татар тілдері, сурет, сызу, есеп, география, тарих болатын. Христиан және ислам діндері де оқытылды. 1857 жылы 15 маусымда бұл мектепті 20 бала тәмәмдады, Ыбырай үздік бітірген бес оқушының бірі болып ресми куәлік алып шықты. 1857-1859 жылдары Ыбырай Алтынсарин Балғожа бидің қарамағында хатшы болып жұмыс атқарады.

Білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Мұнда мұғалімнің кәсіби-әдістелік шеберлігінің маңызы зор. Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын.

Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады.Еліміздің үлкен бір проблемасы жастар проблемасы болып есептеледі. Ендеше бүгін алда қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұлар ұстаздардың оқушыларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндірумен, балаға дұрыс талап қоя білулерімен жүзеге асырылады және ұзақ уақытты қажет етеді.

Мен бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп келемін. Алдымдағы шәкірттерге зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар – ау деп пайымдаймын. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс.

Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.

Оқушы білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықталып, бастау керек деген ойдамын.

Алдымдағы шәкірттерді тұлға ретінде қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдіс деп деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын таңдадым.

Осы технологияны қолданып жұмыс жасаған кезде оның тиімді тұстары мен артықшылығын байқадым. Оқыту әдістері мұғалімнің тұлғалық сапаларымен тығыз байланысты өзара әсерлесіп отырады деп ойлаймын.

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен сапалы түрде меңгеруіне ерекше мән берілгенін байқадым. Бұл технологияның басты мақсаты әрбір оқушының даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ете отырып, саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Технология мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптардың ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге болады.

Бүгінде білім берудің әдіс – тәсілдерінің 50-ден астам түрлері бар. Сол технологияның барлығы да тиімді қолданылса білім сапасының артуына, оқушының жан-жақты дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Бүгінгі дидактикалық «Нені оқытамыз?», «Не үшін оқытамыз?» деген сұрақтермен бірге «Қалай тиімді оқытамыз?» мәселесі ұстаздарды толғандыруда.

Өзім сабақ барысында мұғалім оқушыға проблема тудыратындай сұрақтар қойып, осы проблеманы оқушы өзінше шешіп, содан кейін барып мұғалім қорытындыласа ғана оқушының ойында ұзақ сақталады деп есептеймін.

Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса,өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын. Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертеңгі ұланын, азаматын тәрбиелей басты мақсат екендігін түсіндім.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттағын әрі бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі.

Мектептегі жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдану жүзеге асуда. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Деп іздене бастадым. Жаңа тәсілдерді қолданып өткізген ұстаздар сабағына қатысып, тәсілдердің өзімнің сабағыма қолайлысын таңдай бастадым.

«Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтанда білім – күш», — деген ағылшын филисофы Ф.Бэкон. Бос уақытымды  оқуға, үйренуге жұмсаймын. Қазақ, орыс тілдеріндегі шығармаларға көп көңіл бөлемін.

Ыбырай өмірінің соңғы күндеріне дейін жанында болған сүйікті шәкірті, әрі әріптесі Ғ.Балғымбаевтың естелігінде мынадай жолдар бар: «Июль айының басынан Алтынсарин тіпті қатты ауырып жатты, өкпесі қабынған ба, әлде басқа бір жері ауыра ма, әйтеуір ісініп кетті». Ұлы педагогтің қатты науқас екені бүкіл Торғай даласына тарады. Онымен кездесуге көңіл білдіріп, денсаулық тілеуге дос-жарандары, ұстаздары, шәкірттері келіп жатты. 1889 жылы шілде айының 17 күні, күндізгі сағат 11-де, 48 жасына үш ай, үш күн қалғанда қайтыс болып, Тобыл өзенінің жағасына жерленді.

Ұлы педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнердің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Ыбырай Алтынсариннің ілімі  өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық жүйе болып табылатындығы ақиқат.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *