Қазақ тілінің болашағы не болмақ?
Мемлекеттің ең басты қазынасының бірі тілі болып табылады. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатын жастарымыз, әлі күнге дейін өзінің тілін толыққанды біле бермейді. Ал кейбір жастарымыз ана тілін үйренгісі де келмейді. Еліміздегі ең актуалды проблеманың бірі, осы тіл болып табылатыны барлығына мәлім. Біздің еліміздің басынан көптеген қиын-қастау кезеңдер өтті. Сол қиыншылықтың бір ұшы тілімізге де кері әсер етті. Оған дәлел бүгінгі жастарымыз. Қазіргі қоғамда жастарымыз тілімізді шұбарлап сөйлейді. Ал кейбір ата-аналар балаларын орыс мектептерінде білім алдыртады. Жастарымыздың қазақ тіліне деген құрметі, күн сайын жоғалып бара жатқандай әсер қалдырады. Әлбетте қазақ жастарының өзге тілдерді меңгере білуі қуантады. Бірақ өзге тілдің бәрін біліп тұрсақта, өз ана тілімізді білу біздің ең басты парызымыз болып қалуы тиіс. Тіл деген өткенімізбен келешегіміздің алтын көпірі. Осыны әр қазақ есінен шығармауы тиіс деп ойлаймын.
“Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді” демекші еліміздің тарихын жырлаушы мына біз жастар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718