Есірткісіз өмір ғажайып
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткісіз өмір ғажайып
Өмір- ғажайыпқа толы. Жаратушы жаратқан жанның әрбір күні үлкен бір сый. Өмір мен тығыз тіршілікке құмар болып жаралған пенде, өмір соңына дейін өз нәпсімен күресіп өтуге міндетті. Расында да, «шын мықты болсаң нәпсіңмен күрес»- демекші өз нәпсісіне қарсы тұра алған адам шын мықты болып саналмақ. Алайда, біз көріп жүрген тығыз тіршілікке толы қоғамда біздің тарапызмыздан кетіп жататын оқылықтар қаншама. Иә,кейде пенде болғанан кейін бе, пендешілікке салып бірде абайсызда, бірде әдейі қателіктерге бой алдырып жатамыз. Біріміз бұның орнын толтыруды ойласақ, енді біріміз бір басқан шоқты екінші басқымыз келіп, құмартып тұрамыз. Осындай кішкене ғана деп қараған, ескерусіз қалған оқылықтар мен қателіктер тамшыдай құралып, көлдей көңілімізге қояу болып, соңында шешімі заң өкілдеріне жүгінуге тура келеді. Қоғамда күн санап ушығып, тамыры тым тереңге бойлап бара жатырған әлем дертіне айналған есірткіге тәуелділік жайында айтпай, айналып өту бүгінде мүмкін емес. Қоғамға көз тастасаң, енді ғана есін біліп келе жатырған жас жеткіншектен бастап, ажалы келер күннің жақын екенін аңғарып, ұрпағының жаны мен жадында жүз жасаудың қамын ойлар қарияға дейін осы есірткінің айдауына ұшарған. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын»-деп, Абай атамыз айтқандай-ақ, расында да жаңа жетіліп келе жатырған жеткіншектің бүгінгі бұнысына бұл бірінші себеп. Жанының айқайын жақынына жеткізе алмаған жас жеткіншектің медеу болар жанына, ұғынып сырын барлығын есірткі деп ойлауы екінші себеп болмасқа. Өз баласына сырлас дос болып, ақылын бере алмаған ата-ана болары болып, бояуы сіңген іске қоғамды кінәлі етуі үлкен қателік. Одан соң «Бала көргенін істейді»- дейді ғой, дана халқымыз. Жаз күнінде жайқалып тамырын енді жая бастаған бала буынға не көрсетіп, не айтсақ соны тез арада әдетке айналдырады. Себебі ол тал секілді топырақты тәрбие деп алсақ, топырақтағы біз көрсеткен жақсы мен қатар жаманды сіңіріп алуға биім. Тәрбие де сол секілді. Отбасы ішінде болады. Оны кім қалай беріп жатырғанын көре алмайды. Кейін тамыры арқылы сіңіріп, бойына дарытқанан соң ғана жайқалған жапырағы арқылы көрініс табады ғой. Тек сонда ғана біледі тамыр арқылы берілген тәрбиенің жақсы, жаманын. Ал егер топырғында еш құнар жоқ, тамыры жас сабағына нәр бере алмаған болса, жаз күнінде жайқалып, қатарластары секілді өсе алмаса, оған кейін күзде көңіл бөлудің еш керегі жоқ. Ол оны енді еш уақытта сіңіре алмайды, бойына дарыта алмайды. Міне, осыдан кейін ғой көк түтінге оранып, есірткіге деген тәуелдікке есіктің айқара ашылатыны. Ал біз оған түн тыныштығын кірпі қақпай күзеткен қорғаушы мамандарды айыптап, кінә артамыз. Жақынымен жақсы сырласып, сенім арта алған адам ғана басқаларға да деген сенімін артыра алады. Басқаларға дегенде қалай, бөгде адамдарға емес, сенім артуға болатын, қорқыныш емес, қорғаныш сезімін беретін қоғам қорғаушыларына. Сөз соңында: «Сөзіңді түзе,
Сөзің-әдетіңе,
Әдетің-мінезіңе,
Мінезің-тағдырыңа айналады»- деп, Шәкәрім босқа айтпаса керек. Сол үшін де өзің бір бөлшегі болып, өзің құраған қоғамды есірткісіз, айналаңа деген жақсы сөзбен,ізгі ниетпен сәнде!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718