«Алтын күз»

 

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сахнаны безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме, қолшатырлар, жапырақтар.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, балалар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» мерекесімен құттықтаймыз.

Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке!

2-жүргізуші:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Алғашқы сөз кезегі кабинет меңгерушісі Атаева Айнаш Қайсарқызына беріледі.

1- жүргізуші:

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

2- жүргізуші.

– Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? \Күз\

– Қане кім күз айларын атап шығады?
– Қыркүйек, қазан, қараша (Бәрі хормен)
– Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы (Жандос):

– Менің атым – Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

 

1- жүргізуші: – Қане, балалар біз қыркүйек туралы не білеміз?
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.

Қазан айы (Дана): Менің атым – Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
\Ұстаздар күні, қарттар күні бар.\

Қараша айы (Альбина): Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

 

2-жүргізуші:

Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.

1- жүргізуші: Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.

 

2- жүргізуші:

Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді, күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

\Әуен қосылып, залға Күз ханшайымы келеді/

 

Күз ханшайымы:
– Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.

\Күз ханшайымы себетке салынған жемістер мен көкөністерді сыйға тартады\

 

Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

 

Балалар: – Көп рахмет сізге, Күз ханшайымы. (Бәрі хормен)

2-жүргізуші: – Иә, біз сізді дархан алтын күз деп, байлық, молшылық уақыты деп білеміз. Күз ханшайымы, мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?

Күз ханшайымы: – Балалар оны еңбекпен алулары керек.

1-жүргізуші: – Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымының сендерге арнаған тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындаған соң сыйымды беремін дейді.

 

2- жүргізуші: – Олай болса балалар, сендер дайынсыңдарма? Ал Күз ханшайымы, қош келдіңіз! Төрлетіп, мына орындыққа отырыңыз!

 

1- жүргізуші: – Балалар, сендер қазір үш топқа бөлініп, Күз ханшайымының берген тапсырмаларын мына қорапшадан аласыңдар. \3 топ 3түрлі тапсырма алып, орындарына отырып орындайды\.

 

Тапсырмалар:

  1. Жемістерден тамақ үлгісін дайындау; \алма, банан, алмұрт, жүзім, мандарин, йогурт\
  2. Көкөністерден тамақ үлісін дайындау; \қияр, помидор, тәтті бұрыш, қырыққабат, тұз, майонез\
  3. Күзгі өнімдерді пайдаланып қол өнер бұйымын жасау; \шырша бүршігі, жапырақтар, ермексаз, желім, бұталар\

2-жүргізуші: – Күз ханшайымы! Балалардың өнері әлі таусылған жоқ.

\Балалар тапсырмаларын орындап отырған кезде, сән үлгісі көрсетіледі және Темірлан мен Наргизаның орындауында «Жапырақтар» биі.\

 

1- жүргізуші: – Міне, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен Күз ханшайымы, біздің балаларымыз өте өнерлі, шебер екен. Барлық тапсырмаларды жақсы орындап берді. Күз ханшайымы сіз ризасызба?

Күз ханшайымы: – Айналайын, балалар! Мен өте ризамын! Сендер өнерлі де талапты балалар  екенсіңдер. Осы қалыптарыңнан айнымай, болашақта білімді де ақылды болыңдар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!

2-жүргізуші: – Балалар, қане, Күз ханшайымымен қоштасып, шығарып алайық.

 

1-жүргізуші: – Балалар, сендер бүгін жақсы өнер көрсеттіңдер. Кешімізге жақсы ат салыстыңдар, сол үшін сендерге көп рахмет айтамыз.

 

2-жүргізуші:

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,- дей келе «Алтын күз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *