Қайранда Бейсен Құранбек…..

Еңбегі сіңген еліне,

Жан еді жанған тым бөлек. 

Жетсем деп тілдің төріне, 

Сөз зергер Бейсен Құранбек.

Білетін сөздің төркінін , 

Алашқа  атың мәлім ед.

Қазақтың мұңын мұңдаған, 

Қазақ деп жырын жырлаған, 

Арда бір ерім – Құранбек.

Жетімнің сипап маңдайын,

Жалғыздың жырлап жағдайын,

Өткір де жұмсақ тіліңмен

Еліңнің ойлап мұң- жайын

“Қарекет қыл!” – деп шырылдап

Арманда кеткен Құранбек

Көп еді- ау әлі жасарың,

Биікке самғау, асарың,

Сұм ажал келіп кенеттен,

Бақилық болды -ау барарың 

Қайранда Бейсен Құранбек…..   

                                    Мырзабекова Айжан Алтаевна 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *