“Философпен сұқпат:өмір – баға жетпес құндылық”
Момынова Мадина
« Философпен сұқпат: өмір – баға жетпес құндылық»
Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,
Бақ қайтса, баста бақыт тұра алмаған.
Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Өмір бізге берілген бағалы сыйлық. Мына әлемде миллярдтаған жеке өмір бар және олар бір – бірімен байланысты. Әркімнің өз дүние танымы, көз – қарасына қарай өмір әртүрлі түстерден тұрады. Өмір туралы ой толғаман жан жоқ шығар. Өмір деген не деген сауалға берілген жауап әртүрлі. Ғылыми тұрғыда өмір – тірі материяның белсенділігінің нысаны, оның ағзасындағы өтіп жатқан физикалық, химиялық және т.б қасиеттерінің жиынтығы. Сонда адам дүниеге келгеннен бастап, өткенге дейінгі аралықты қамтитын өмірді сүру. Адам өз ғұмырында мен не үшін дүниеге келдім, өмірдің мәні неде деген сауалды іздеумен жүреді.
Өмірдің өз қағидилары, жолдары, сынақтары мен жұмбақтары бар. Оны дұрыс шеше білген адамға өмір ғажап.
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
Өмір қайта берілмейді, сондықтан өмірді мәнді сүру керек. Уақыт өтеді, заман өзгеріп тұрады. Тек адамилық қасиеттер жоғалмауы керек. Сокрттың «Адам ең әуелі өзіңді – өзің таны» дегеніндей, адам өзіне берілген қасиеттерді сақтай отырып, пенделіктен адамға айналуы қажет.
«Малда да бар жан мен тән,
Ақыл сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?»
«Адамзат- бүгін адам, ертең – топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.» деп А.Құнанбаев айтқандай мына өткінші жалғанның уақытша екенін ескеріп, мәнді өмір сүруге тырысу керек.
Адам өмірге ессіз болып келеді, есуас болып өмір сүреді, есі кіргенде бәрі де кеш болады. Өмірде қателікке бой алдырмайтын жан болмайды, ал оны түсініп, түзеуге тырысқан, жақсылыққа ұмтылған жанның өмірі жақсылықтарға толы болады. Адам өмірі- теңіз: онда бір қалқып, бірі жүзіп, бірі батып кетеді. Өмір тек жақсылықтан, шуақты күндерден тұрмайды. Әралуан қиындықтары мен сынақтары болады. Ал оған мойымай күрескен адам өз дегеніне жетеді. Әр сәтсіздік ол сенің өмірде жинаған тәжірибең, келесі жолы сен одан шығудың жолын білесің.
Өмірді сырттай бақыласаң театр қойылымына ұқайды. Онда әркім өз рөлін сомдайды. Өмірде әркімнің өз орны бар. Біз қисық болайық, түзу болайық мына дүниені толықтырып тұрушымыз. Сондықтан өз міндетімізді мінсіз етіп атқаруымыз қажет.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718