Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін  жаңа заманға  сай  жасаушы  мемлекет .

Мемлекетіміз  келешекте  жас  ұрпақтың  еліміздің  азаматы  болуы  үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген  құқықтарын  толығымен қуаттап, қабілеттерін  барынша  жүзеге  асыру  және  үлкен  жетістіктерге жетуде  табанды  болуын  қалайды.

Бала тәрбиесі  ана  сүтінен  басталып, біреудің  біреуге  ықпалы  арқылы өмір бойы  қалыптасатын  күрдел і құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы бастамасын  отбасында  алса , жалғасы  балабақшамен  байланысады,  яғни бала  тәрбиелене  отырып  білім  алады.

Отбасы  адамзат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі. Қоғамда  отбасы  екі қызмет  атқарады,  оның  бірі-дүниеге  ұрпақ  әкелу, екіншісі-дүниеге  келген сәбиді  тәндік  жағынан  дамытуды  қамтамасыз  етіп,  өмір  бойы  рухани жағынан  жетілдіріп,  оны  тұлға  ретінде  қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі  қоғамдағы  өзгерістермен   тығыз  байланысты, сондықтан  ол  қоғам  мүддесіне  қызмет  етуі  тиіс. Отбасы  ең  алғашқы тұлғаны  дамытатын  әлеуметтік  орта. Отбасында  баланың  тұлғалық қасиетіне  ықпал  ететін  көптеген  жағдайлар  болады. Мәселен,  отбасы мүшелерінің  мәдени  деңгейі  баланың  түрл і әлеуметтік  құндылықтарды игеруіне  игі  әсерін  тигізеді.

Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық  қасиеттерін  қалыптасуына  ата-ананың, отбасы  мүшелерінің  қарым-қатынасындағы  мейірімділік  пен махаббат  қажет. Толық  мәнді  отбасы  болу  үшін  ата-ананың  және  басқа отбасы  мүшелерінің  береке –бірлікті , түсінікті  сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

Ата-ана баласын балабақшаға бермес бұрын біраз ойланады. Егер үйде сәбиге қарайтындай мүмкіндік болса, бермей-ақ қоямын ба деп те ойлайды. Дегенмен балабақшадағы тәрбиенің рөлі басқадай боларын да түсінеді. Олар сәбилерін арнаулы педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін бір ойласа, бірде «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер көңілін алаңдатады. Сондықтан осы мәселе төңірегінде де ойланып қойғанымыз жөн.

Расында балабақшаға апарған алғашқы күндерде-ақ бала жылайды, өйткені өзіне  жақын  адамдардың  жанында  болмауы  жанына  батып, 2-3 күн  өткен соң  ауырып  қалу  жағдайлары  кездеседі. Бұл  жерде  тәрбиешілердің кіналау  дұрыс  емес. Ғылыми  зерттеулердің  нәтижесіне  сенсек, ғалымдар сәбидің  ажаң  орынға  үйренуі  үйелмендегі  ата-ананың  баласын  жаңа жағдайға  қалай  дайындауына  байланысты  екенін  айтуда. Мәселен, бағбан ағаш  егерден  бұрын, бұған  орын  дайындайды, содан  соң  барып отырғызып, отырғызған  кезде  тамырына  зиян  келмеуіне  көңіл  бөліп, топырақпен  түбін  тиянақтап  көмеді. Сонда  да  жаңа  отырғызған  жеріне үйренгенше  ағаш «ауырады». Сол  сияқты  сәбидің  басқа  ортаға  үйрену кезеңі – оның  өмірінде  кездесетін  алғашқы  күрделі  кезеңнің  бірі. Таныс емес  адамдардың  ортасында  қалу  өт е ауыр  болуы  себепті,  бала  жылап, мазасызданып,  тіпті  қашып  кеткісі келеді. Немесе  жанында  күнде  шешесі қалуын  қалап, тәрбиешілердің  көмегіне  қарсылық  білдіреді. Кейбір  ата-ана  баланы  бұл  қылығына таң  қалып, сүйкімді  жуас  баламыз  неліктен өзгереді  деп о йлайды.

Бұл  кезде  сәбидің  ұйқысы  бұзылып, тамаққа  тәбеті  болмайды. Үйге қайтқан  соң  да  шешесінен  айырылмай  ұйықтап  жатқанда  жиі-жиі  оянып тынышсызданады. Алғашқы 3-4 күн  осылай  өтеді. Кейбір  сәбидің  нәзік жаны  мұндай  өзгерісті  көтермейді, ыстығы  көтеріліп,  тіпті денесінде қызыл бөрткендер  пайда  болады. Ас  қорытуы  төмендеп, ауырып  қалады. Осындай  кезде  ата-анамен  бірге  тәрбиешілерде  алаңдайды. Мұндай жағдайда  сәбиге  қалай к өмектесу  керек? Оған  баланы  қоршаған  ересек адамның  көмегі  өте  қажет. Мектепке  дейінгі  тәрбие  мекемелері әрқашанда  көмекке  әзір. Тәрбиешілер, медбикелер, баланы  ата-анасымен балабақшадағы  күн  режимін, санитарлық-гигеналық  ережелердің сақталуын,  баланың  тамағының  құрамы  туралы  түрлі  кеңестер  береді. Ата-ана  мекеме  қызметкерлері  кеңесіне  көңіл  қоюы  тиіс.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *