«Мен мектепке барамын!»

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Мен мектепке барамын!»

 

 

 

 

 

 

 

                        Тәрбиеші:Мерейхан Г

                               Тексерген:Меркулова.Л.А

 

 

 

                      Мен мектепке барамын!

Тақырыбы: «Мен мектепке барамын!» ертеңгілігі
Мақсаты
: Балалардың мерекелік көңіл – күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал – жабдықтары.

Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,
«Өмір гүлдері»  атты сарайда, білім шашқан маңайға.
Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,
Іші өнерлі,  балаларға толыпты.
Сол сарайдың біріне, 2021 – дің жазында,
15 бала келіпті, 15 – і де көрікті.

Кіп – кішкене  өздері, былдырлаған  сөздері.
Ештеңені  түсінбей, таңырқаған  кездері.
Алдарынан  күлімдеп, « Балаларым, күнім»-  деп,
Бағжан  менен   Мира апай, Маржан апай,  Гүлдан мен Мөлдір , Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.
Содан  бері  мінеки, төрт  жыл  өтті  білінбей,
Бір  ананың  төліндей,  ынтымағы  жарасқан.
Елді  аузына  қаратқан,  етек  жеңін  жинаған,
Ұстаздарын  сыйлаған,  сол  балалар  өсіпті.
Буындары    бекіпті, балабақшамен  қоштасар,
Кезде  келіп  жетіпті.
Бірге  өткізген  қыс – жазын,  ата – анасын  ұстазын
Елдің  бәрі  таң  қалған,  патшалыққа  атақты,
Қоштасу  кешін  жасапты

1 Тәрбиеші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айын

«Өмір гүлдері » балабақшасының  балалары қоштасу балына дайын. Сіздердің рұқсаттарыңызбен  бастасақ.

Армысыздар,  жиналған  көп  қауымдас!
Той  жиынсыз  өмірдің  мәні  болмас
Бақшамыздан  талпынып  қанат  қақты,
Төрт  жылда  оң  солын   таныған  жас.

Жас  жүректің  өмірлік  құштары  гүл,
Тәрбиешілер  баулыған  құстары  бұл.
Қоштасып  бүгінгі  күн  бақшаменен,
Сол  құстардың  бәрі де  ұшқалы тұр.

 

Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін – деп балабақшамен қоштасатын сүйікті бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Балаларды таныстыруы:

Ақылды қыз Раяна
Ойы ұшқыр тым зерек.
Өзі ақылды өзі ойлы,
Ақжол  деген ұлымыз.

Маң – маң басып келеді,
Айтқанына көнеді
Әдепті ұлмен қызымыз
Бақдаулет пен  Юлиядай

Қызымыз мына Мейірім
Өзі сондай әдемі,
Сезім  деген қызымыз.
Өзіне сай әдебі,

Маңғазданып аз сөйлер,
Максим деген ұлымыз .
Салмақты Айарыс
Жымияды күлімдеп

Мөлдіреген көздері,
Салмақты оның сөздері
Айбар  деген ұлымыз.

Ербұлан деген еркеміз
Жарқын жүзді ұлымыз.

Ұлы ойшылдай болатын
Жасминдей қызымыз.

Тәрбиеші

Айналайын менің әсем гүлдерім
Қандай әсем жадыраған жүздерін
Қолдарына әдемі шар ұстаған
Мерекеге толы болсын күндерін
Көңілді әуенмен балалар кіреді, қолдарында шар.
Жарты шеңбер болып залда тұрады.

Тәрбиеші
Құрметті балалар! Балалық тәтті шақтарынды осы шармен аспанға ұшырып жібересіңдер ме?
Балалар: Иә!
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Шарларды ұшырып жібереді.

Ортаға балабақша меңгерушісі шығады.

Райана

 

Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Лаура Алипбаевнаға мың алғыс.

 

Сезім

 

Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Гүлжахан апайға
Мың алғыс

 

Сабина

 

Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гүлдан апайға, Мөлдір апайға
Айтамыз біз мың алғыс.

 

Мейірім

Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Лаура апайға көп рахмет.

 

 

 

 

Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады, – дей отыра

« Балабақша балабақша »  әнін шырқап берейік.

Балабақшаға арналған тақпақтары

 

 

Айбар

 

Балабақаша үйіміз
Сені жақсы көреміз
Үлкен болып өскенде
Еске алып жүреміз

 

 

Шахислам

 

Тәрбиеші апайым
Болдың бізге анамдай
Ақ жүзіңнен шуақ шашып
Мейірім төгіп тұрғандай

 

Асылай

 

Күлімдеген күн нұрындай
Тәрбиеші анамыздай
Білім менен тәрбиенің
Ордасына айналғандай

Ерасыл

 

Бақшамыздың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды.

 

 

Аяулым

 

Өстік – жеті жастамыз,
Өнерпаз жас баламыз.
Қош бол, балабақшамыз,
Біз мектепке барамыз.

Ербұлан

 

Біз мектептен аялы
Оқып, білім аламыз.
Қош болыңыз, аяулы
Тәрбиеші анамыз.

 

Арсен

Күлімдейді күніміз.
Көңілді ән-күйіміз.
Асыр салып жүреміз,
Тәртіп бұзбай жиі біз.

Қарақат

Білеміз біз, сұраңыз.
Жаттап алдық жыр-аңыз,
Тәрбиеші апайдың,
Айтқанын тез ұғамыз.

Каусар

Дайын тақпақ, әніміз.
Би билейміз бәріміз.
Өнерліміз, кішкентай
Болсақ дағы әлі біз.

 

Аяна

Бұл жерде достарменен танысамыз,
Әр түрлі ойын ойнап, жарысамыз.
Бұл жерде жақсылыққа үйренеміз,
Жамандықтан алыстап, жиренеміз.

Райса

Күн шығып, күн батқанша осындамыз,
Тәрбиеші апайдың  қасындамыз.
Айналғанша үп-үлкен азаматқа,
Бізді баптап, өсірер балабақша!

 

Ақжол

 

Жайраңдап жымиып тұрады
Апайлар әрқашан алдыңда.
Бақшамыз – білімнің бұлағы,
Қызықты ойындар бар мұнда.

 

Өзіңе гүл шоғын сыйлаймыз
Өзіміз өсірген гүл-бақтан.
Біз сені әлі де қимаймыз,
Қия алмай қараймыз үй жақтан

 

 

Бақдаулет

 

Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.

 

Айзере

Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

 

Асима

Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың

 

Айарыс

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

 

Юлия

Вот и первый выпускной,
Самый важный и большой.
Мы все очень подросли,
В дальний путь идти должны.

Максим

Пусть всегда удача
С вами пребывает.
Ну, и мама с папой,
В школе, помогают.

Ендеше мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке
дайын ба екен, тексеріп көрейік.
Ойын: « Кім жылдам сан айтады»
Шарты:
Ортаға әртүрлі сандар тасталады. музыка тоқтағанда  сандарды   жерден  алып  айтады.

        Менің білгім келеді,
Кім санауды біледі?
Қызық сәттер болады,

Матеметикалық әзілдер басталады.
1. Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен, тимей құрт.
Арсен алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін?   Жауабы:«2»

  1. Қазып жүр құмды бес мысық,
    Үшеуі жатыр, күн ыстық.
    Екеуі жүр шомылып,
    Барлығы қанша, санап  шық. Жауабы: «10»

  2. Алты қонжық орманға,
    Бара жатты қорбаңдап.
    Бірі олардың шаршады,
    Әрі қарай бармады.
    Жауабын тез айт,
    Қанша қонжық кетті алда. Жауабы: «5»

Сонымен қатар би билеп, ән айтқанды өте жақсы көреді. Біздің балалар өте өнерлі. Олай болса, біздің топтың ұлдары мен қыздарының тамаша бір биін қабыл алыңыз!
Би: Флешмоб
Жарайсыңдар!

Балалар сендерге  ақ жол тілеймін.

1.Оспан Райана

2.Асетқызы Мейірім

3.Бадий Максим

4.Жанабай Сезім 

5.Яцунова Юлия

6.Женей Ербұлан

7.Тілек Ақжол

8.Тілекұлы Айарыс

9.Үмітбек Айбар

10.Тағзыұлы Бақдаулет

Балалар сендерге де ақ жол тілеймін.
Сүйікті балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Ән  «Біз мектепке барамыз»

Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Ән салайық тамаша, – деп балаларымызды балабақшамен қоштасу әнін айтуға ортаға шақырамыз.
Хор: «Қош бол, балабақшам»

 

 

 

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман – есен, мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашан ашық болып,
Даярлыққа баратын қадамдарыңыз құтты болсын!
Ал енді бүгінгі мерекеміздің ең салтанатты кезеңі болып қалды.
Тәрбиеші

Қымбатты балалар, біздің балабақшаның атынан естелік ретінде сендерге бірінші дипломдарды сыйлаймыз.
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды меңгеруші баршаны –

дей келе, құттықтау сөзді балабақша меңгерушіге береміз.

 

        Тәрбиеші:Мерейхан Г

      Тексерген:Меркулова.Л.А

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *