Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Ұлы шырақ жанған лаулап ғаламда,
Әрбір сөзі мәңгі қалар санаңда.
Ол қазақтың Ұлы Абайы өйткені,
Нағыз сиқыр,сыр дарытқан қаламға.
Патша еткен өлеңдей өнерімді,
Алға сүйреп қазақтай өр еліңді.
Ел мен елдің назары бола білген
Ешкім таптап кетпейді кемеліңді.
Адамзаттың Абай,жанашыры.
Өнерінде,сөзінде бар асылы.
Қара сөзі қастерлі,қасиетті.
Биіктіктің расында дара шыңы.
Діні бөлек,шариғат сырыменен.
Өлшенбейтін байлықтың құныменен.
Бес нәрседен алыс боп жақындамай,
Бес асыл іс көрсеткен жырыменен.
Жамандыққа ,қастыққа сараңдығы
Менің жырым Абайдың өр тұлғасы.
Жарық еткен білім мен қараңғыны.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718