Шертпелі аспап – Жетіген

Пән жетекшісі:

Филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Г.Қ. Тулекова

Орындаған:

Тұран университетінің

Журналистика 201(4)-2

Мамандығының 1 курс студенттері:
Мамеш Айжан
Ибрагимова Аружан
Өзбеков Дәулет
Имаш Мағжан

Тақырыбы: “Шертпелі аспап – Жетіген”

Түйіндеме: Мақалада ұлттық аспабымыз –  жетіген туралы жазылған. Жетігеннің шығу тарихы, ол туралы халық арасында тараған аңыз-әңгіме, Ұлттық аспапқа қазіргі кездегі қызығушылық та таратылып айтылған. Кейінгі кездері аспапта ойнау техникаларының көбейгені, аспаптың жасалу әдістері жайлы баяндалады мақалада.

Кілт сөздер : Музыкалық аспап, аңыз – әңгіме, жетіген аспабы, шертпелі аспап,қойдың асықтары.

Аннотация: Статья посвящена нашему национальному инструменту – жетыгену.  Рассказывается история происхождения Жетыгена, легенды о нем, современный интерес к национальному инструменту.  В статье рассказывается о недавнем росте техники игры на инструменте, способах изготовления инструмента.

Ключевые слова: музыкальный инструмент, мифические рассказы, инструмент жетиген,струнные щипковые музыкальные инструменты,овечий асык.

Annotation: The article is about our national instrument – zhetygen.  The history of Zhetygen’s origin, the legends about it, the modern interest in the national instrument are also told.  The article describes the recent increase in the technique of playing the instrument, the methods of making the instrument.

Key words: Musical instrument, mythical stories,zhetygen instrument, Stringed musical instruments,sheep’s asyk.

      

         Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Музыка аспаптары тіпті жаугершілік замандарында халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, әнші-күйшілер ән-күй орындағанда пайдаланылған. Аспаптар кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған.

Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабының бірі. “Жетіген” деген атауының өзі “жеті” және “ән” деген ұғымнан құралса керек. Халық арасында Жетіген туралы аңыз да жоқ емес. Ол аңыз былай айтылады. Баяғы заманда бір қария өмір сүрген екен. Ол кісінің жеті ұлы болыпты. Қиын-қыстау, ашаршылық заманда ұлдарының бірінен соң бірі қайтыс болған дейді. Әлгі қария әр ұлы қайтыс болған сайын кепкен ағаштың бөлігіне ішек іліп, әр ұлына әртүрлі әуендегі күйді шығарып ойнаған екен. Қайтқан тұңғыш ұлы Қанияға “Қарағым” күйін шығарады, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде “Қанат сынар” күйін орындайды, үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде “Құмарым”, төртінші ұлы Бекенге арнап “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, алтыншы ұлы Жүлзарға “Күн тұтылуы”, ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда қария “Жеті баламнан айырылып құса болдым” атты күй шығарған екен. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсеткен, бұл күйлер кеңінен таратылып, әрі “Жетігеннің жеті күйі” деп аталып кеткен.  Жеті ұлына арнап жеті ішек ілінген аспап осылайша өмірге келіп, ол Жетіген аспабы болып біздің заманға дейін жеткен. Ақын Серік Әкрамұлының Жетігенге арнап жазған өлеңінде осы аңыз баяндалады:

Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,

Аты оның жеті әннен құралған.

Жеті ұлынан айырылған қария

Қайғы жұтып, жеті күйді шығарған. [1.Ж.Мүсірепова Жетігеннің даму жолы 78-79б].

Осылайша ғасырдан ғасыр өтіп, Жетіген аспабы біздің заманға дейін жеткен екен. Жетігенді мұңды аспап деп айтатыны да әлгі аңызға қатысты болса керек. Дегенмен біздің заманауи жетіген өзінің әдемілігімен де, әуенімен де кімді болсын елең еткізетіні даусыз.

Жетігеннің құрылысы болса, жалпы тұрқы ұзынша келген, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады, әуенін реттеп отыруға ішектердің астына асықтыр орнатылады. Ал тарихына келер болсақ, бұл аспаптың қай ғасырда нақты пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бастапқыда ішектері қолмен керіп байланған болса, қазіргі біздің естіп, көріп жүрген аспабымыз әлдеқайда басқа екені белгілі. Ал күйге келтіру үшін асықтарды жылжытып отыратын болған. Кейінгі кездерде қосымша ішектер қосылып, Жетіген түрленгені де белгілі. Музыканттардың орындаушылық шеберлігі артқан сайын шертпелі аспаптардың түрі өзгеріске ұшырап, жетіле түсіп отырған. Яғни ойнау техникасы едәуір байи түскені белгілі.[1. Ж.Мүсірепова 20–24б].

Ертеде үй жабдықтары, музыка аспаптары, солардың ішінде Жетіген де тұтас ағаштан ойылып жасалатын болған, сол себепті саяхатшылар Жетігеннің сыртқы түрін астау сияқты жәшікпен салыстырған. Мұндай Жетігенде құлақ, қақпақ дегендер болмаған. Ішектер аспаптың сырт жағына қолмен керіліп байланған. Этнографтардың мәліметтеріне қарағанда,  Жетіген кейбір аймақтардағы қазақтардың арасында ХIХ ғасырдың ортасына дейін кездескен.

Ал соңғы жылдары Жетігенге деген қызығушылық артып отырғаны белгілі. Бұл аспапты игере бастағандар да аз емес. Жетіген – шекті аспаптар тобына жататын,  ерекше үні бар аспап. Қазіргі кезде бұл аспапқа мән беріліп, композиторлар арнайы шығармалар жаза бастаған. Қазақтың оркестр-ансамбльдерінде кеңінен қолданылып, шығармаға ерекше рең бере бастады.  Көптеген саяхатшы-зерттеушілер қазақ даласында көп ішекті аспаптың болғандығы туралы жазды. Жалпы бұл аспап басқа да түркітілдес халықтарда көп кездеседі, ”етиган”,“жадықан”, “шатқан”деп те айтылады.

Кейінгі кездерде Жетігенде ойнаудың бірнеше техникасы пайда болды. Атап айтқанда, домбыраның техникасын (оң қолдың білезік буынымен ойнау), гитараның бірнеше техникаларын (тремало, аккорд) флажолет, тиектің артқы жағын пайдалану, т.б. техникаларды кеңінен қолданып делінген ашық дереккөздерде.

ХVIII ғасырда қазақ даласын аралаған саяхатшы-этнографтар И.Лепехин, И.Георги т.б. зерттеушілер екі ішекті домбырадан басқа көп ішекті аспаптардың да болатындыған жазады. Ал саяхатшы А.С.Паллас1786 жылы қазақ даласын аралаған сапарында осы күнгі Жетігеннің көне түрін кездестірген.[2.А.Жұбанов жетіген хрестоматиясы 6-7б].

“Бұл аспап шыршадан жасалған шағын ғана жәшік, оның түбі ғана бар. Оған ішектер ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты құлақ күйіне келтіру үшін әрбір ішектің астына кішкене тиек – қойдың асықтары қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды”, – деп жазылған. Этнограф-саяхатшылардың осы секілді жазбаларына қарағанда, Жетіген аспабы қазақ халқы арасында XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып, бертін келе жоғалып кеткен. Осы этнографиялық сипаттамалар бойынша қалпына келтірілген  немесе жетілдіріліп  жасалған Жетігеннің  алғашқы үлгісі өмірге қайта келіп, өнеріміз бен аспаптық музыкамызда орын ала бастады. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым-зерттеуші Б.Сарыбаев болды. Фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын Жетіген аспабы 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, C.Мерекеев т.б. музыканттардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды.[2.А.Жұбанов 14-17бет].

Қазіргі кезде Жетіген аспабы жақсы насихатталып, музыкалық оқу орындарында жеке аспап ретінде оқытылып, үйретіліп жатқаны белгілі. Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзінің “Өнер мектебін” ашып, Жетіген аспабына бүлдіршін қыздарды үйретіп, тәрбиелеп жүргені көңілге қуаныш орнатады. Соңғы кездері Қарқат өз шәкірттерімен концерттік бағдарламаларда сәтті қойылымдарымен халықты қуантып жүр. Өрімдей кіп-кішкене қыздардың Жетіген аспабында ойнап, жарасымды  айтқан әндері мен тартқан күйлері көз қуандырып, құлақтын құрышын қандырып жүр.  [Караван сайты]

Қорытынды

Қорыта келгенде, Жетіген – қазақ халқының музыка мұрасында жоғалып, қайтадан қалпына келтірілген ішіекті-шертпелі, қайталанбас дыбыс ерекшелігіне байланысты, ел арасында кеңінен танымал бола бастаған уникалды музыкалық аспап деп танимыз. Жетіген жүздеген жылдар өтсе де сол баяғы қарапайым күйінде қала бермек. Ішек саны жетеу, тиегі –асық. Осынау ата-бабамыздан бізге жеткен Жетіген аспабына құрметпен қарап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің мақсатымыздың бірі болмақ. Яғни, Жетіген аспабын жасөспірім ұрпаққа насихаттап, ұлттық құндылықтарымызға деген сүйіспеншіліктерін, мақтанышын арттыру біздің мойнымызға артылған аманатымыз деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ж.Мүсірепова Жетігеннің даму жолы 78-79б.

Элементтің идентификаторы: 538750

ISBN: 978-5-9765-2693-8

Жақсы: 184 (офсеттік)

Салмай: 200 г.

Өлшемдері: 210х148х10мм

 

2.А.Жұбанов жетіген хрестоматиясы 6-7б.

Өнім идентификаторы: 343469

ISBN: 978-5-271-42915-6

Беттер: 384 (хрестоматия)

Тіркеу

Салмақ: 166 г

Өлшемдері: 165x107x18мм

 

  1. http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/32880-zhet_gen_turaly_zhina_
  2. https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/142/
  3. https://kaz.zakon.kz/4916870-aza-ty-muzykaly-aspaptaryny-tarihy.html

 

Emailадрес: magzhanmaga2019@gmail.com

87473649896

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *