Үш тілді білу-заман талабы.
«Тіл-атадан қалған асыл мұра» деп танытқан белгілі жазушы Ғ.Мүсірепов халықтың баяғысын да,бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі деп айтқан.
Тіл – біздің өміріміздегі ең басты байланыс құралы.Ана тіл ол тек құрал ғана емес,ол – бүкіл ата-баба аманаты, анаңның мейірімі,әкеңнің азаматтығы, балаңның болашағы,ұлтыңның тұтастығы,жеріңнің-бүтіндігі мен береке-бірліктің кілті де осы тіл мен ұлттық болмыста жатыр.Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат.Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау болып табылады.Үш тілді білу-заман талабынан туындап отырған міндет.Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы: «қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі,ал ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп анықтама берген еді.Яғни,мемлекеттік тілді дамытамыз,орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.Сонымен қатар қазіргі таңда осы тілдерге қоса латын әліпбиіне көшу мәселесі де туындап отыр.Латын әліпбиі-бізге жат емес,бұл бұрынғы заманнан бастау алып келе жатқан графиканың бірі.Еліміздің үштілділікке көшу үдерісі жылдамдап,ғылымымыз қарыштап дамиды.Латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80% меңгерген екен.
Бүгінгі күні көптілді білім беру тек балабақша мен жалпы білім беретін мектептерге ғана емес,жоғары оқу орындарына да белсенді енгізілуде.Осыған қарап үштілділік-заман талабы екендігін мойындамауға еш хақымыз жоқ.Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып,өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке,өркениетке,білім кеңістігіне еркін кірігіп,болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге,жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады.
Қазіргі кезде тілді білу көптік етпейді.Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік.Елдің ертеңін жарқын болашаққа бастар ұрпаққа үштілді жетік меңгеру,ол-заман талабынан туындаған қажеттілік.Кем дегенде үштілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.Өзге тілді білсең-өрге шығасың,өз тіліңді білсең-төрге шығасың!