Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық.
Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық. Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екінші жексенбісін «Қазақстан құрылысшылары күні» деп жариялағанына 23 жыл толды.
Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді.
Құрылыс — экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде біздің қаламызда да құрылыс саласы қарқынды дамуда. Осы ауқымды саланы алға жыл-жытуда құрылысшылар қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіруде. Құрылысшылар өмірге деген белсенді қөзқарастағы жандар болғандықтан, олардың кәсіпқойлықтары мен шеберліктерінің арқасында жаңа үйлер, мектептер, аурухана, жолдар салынып жатыр. Соңғы жылдары елімізде құрылыс саласы қарқын алып келеді.Дәл осы мамандық иелерінің арқасында өңіріміз көркейіп, жаңа зәулім үйлер мен биік ғимараттар салынуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, «Қазақстанның жас азаматтары! Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» деп, қазіргі заманда техника мамандықтарын меңгерудің қажеттілігін нақты айтып өтті. Олай болса, ертеңін ойлар бүгінгі жас түлек мамандық таңдарда қателеспеуі қажет. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы. №7 колледжінде 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша студенттер білім алуда. Білім берудің қазіргі заманғы негізгі мақсаты кең іргелі, білімді меңгерген, ынталы, бүгінгі оқушы, ертеңгі бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білікті маман даярлау. Олай болса, қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамай тер төгетін құрылысшылар қашан да құрметке лайық. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында бәсекеге қабілетті білікті маман дайындауда колледж студенттеріне заман көшінен қалып қоймай егеменді еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуларына оқытушылар қауымы да өз үлестерін қосуда.